Мұражай ашылды
03.09.2015
1479
0
742547_957216154_____________________________________________________Жуырда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығы аясында еліміздің білім мен ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті ғалым, ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан су шаруашылығының білгірі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Лашқар Есенқұлұлының туғанына 100 жыл толуына орай Лашқар Тәжібаев мұражайының салтанатты ашылу рәсімі мен ғалымды еске алуға арналған шара өтті.
Мұражайдың ашылуына еліміздегі аграрлық саланың ғалымдары, ауыл шаруа­шы­лығымен айналысатын компаниялар әкімшілігі мен ғы­лыми-зерттеу институт­тарының басшылары, шаруашы­лық жетек­шілері, өзге де білікті мамандар, ҚазҰАУ оқытушы-профессорлары мен ғалым­ның туыс­тары қатысты.
Салтанатты жиынды құт­тықтау сөзбен ашқан университет ректоры, академик Т.И.Есполов Лашқар Есенқұлұ­лы­ның өмір жолы мен еңбегі жайында те­рең сөз қоз­ғады.
Мұражайды ашудағы мақсат – Лашқар Есенқұлұлы сынды тұлғалы ғалымдарымыз­дың ардақты есімі мен терең ғылыми ең­бек­терін кейін­гі ұрпаққа үлгі етіп, жастарды ғы­лымға ынталандыру.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір