Заманауи кітапхана ашылды
19.01.2026
85
0

Кітапхананың салтанатты түрде ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Нүкенов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы М.Құлкенов, ақын Ұ.Есдәулет, жазушы, публицист Б.Ғабдуллин және тағы басқа зиялы қауым өкілдері мен жас ақын-жазушылар, кітапханашылар мен қала тұрғындары қатысты.
Жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, компьютерлік залдар, тыныш оқу аймақтары, шығармашылық кездесулерге арналған кеңістіктер қарастырылған.
Сонымен қатар Брайль бағдарламалары мен дыбыстық интерфейстермен жабдықталған арнайы жұмыс орындары бар.
Қорында 20 мыңға дейін кітап жинақталған кітапхана қаланың мәдени инфрақұрылымын дамытудың маңызды нысанына айналмақ.
Кітапхана Құлболды көшесі, 1/2, 2-корпус мекенжайында орналасқан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір