ҚАЗАҚ АСПАПТАРЫНЫҢ ҮНІ ФРАНЦИЯ ДАЛАСЫН ТЕРБЕТТІ
15.10.2018
540
0

Қазан айында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Еуропаға турнесі зор жетістікпен аяқталды.

Францияның Монпелье қаласын­да­ғы Ұлттық опера театрында және Канн қа­ла­сын­дағы атақты Мирамар залында екі кон­церт өткізген этнографиялық ор­кестр талғамы да, талабы да жоғары француз­дар­ды ұлттық аспаптарымыздың үнімен тәнті етті. Гастрольдік сапарды Қазақс­тан­ның Франциядағы елшілігі «Франциядағы Қазақстан күзі» атты бағ­дарлама аясында ұйымдастырған. Сондай-ақ, Алматы қа­ла­лық әкімдігінің өкілдері ауқымды мә­дени шараның Қазақстан мен Франция ар­а­сындағы стратегиялық ынтымақ­тас­тық­тың 10 жылдығына да арналғанын жет­кізді.

ПІКІР ҚОСУ