Азамат Сатыбалдының «28 театры» жеңіспен оралды
15.10.2018
753
0

Мәскеуде өткен дәстүрлі «Подмосковные вечера» атты халықаралық театр фестивалінен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр актері Азамат Сатыбалдының «28 театры» бас жүлдемен оралды.

Фестивальге алыс-жақын шетел театрларынан 150 қойылым қатысқан. Ұйымдастыру алқасы үш іріктеу кезеңін өткізіп, соңғы сынақта тек сегіз театрдың спектаклін сарапқа салған. Қазақ елі атынан «28 театр» неміс драматургы Георг Бюхнердің «Войцек» спектаклімен қатысты (режиссері – Дина Жұмабай). Қазылар алқасының құрамында болған КСРО Халық артисі, «Ленкомның» байырғы актрисасы Людмила Шашкина мен өзге елдердің белгілі театр сыншылары: «Бұл – Қазақстандағы театр өнерінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанының айқын көрінісі», – деп жоғары баға берген театр ұжымы бәйгеде «ең үздік актерлік ансамбль» аталымы бойынша да жеңіс тұғырынан көрінді. Құттықтаймыз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір