АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ ШӘКІРТТЕРІ ЖАҢА ТЕАТР АШТЫ
15.10.2018
1244
0

Қазанның 9-ы күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың шәкірттерінен құралған жаңа театрдың тұсауы кесілді.

Театр құрамындағы отыз жас актер Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетін осы жылы ғана бітірген. Асанәлі Әшімов пен режиссер Талғат Көбековтің дарынды да ұйымшыл шәкірттерінің мақсаты – үздік қойылымдар қойып, заман талабына сай жұмыс істеу. Жаңа театр өз шымылдығын М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясымен ашты. Ал 10-11 қазан күндері көрермендер «Арыстандар патшалығы» («Король Лев», аударған С.Өтешев) музыкалық драмасы (И.Миччи) мен «Соңғы қоңырау» поэтикалық драмасын (Е.Ташкенбай) тамашалады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір