ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН «ӨМІР ӨРНЕКТЕРІ»
10.10.2018
1295
0

Қыркүйектің 28-і күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық «Жанашыр» қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ырысалды Төкееваның «Өмір өрнектері» атты екі томдық кітабының тұсаукесері өтті.

Жинақта жер шарының Азия мен Еуропа атты екі құрлығында – Қы­тай, Қазақстан, Белгия сияқ­ты үш мемлекетінде өмір сүріп жат­қан тағдырлы ақынның ғұмыр жо­лы өлеңмен өрнектелген. Ақын Дәу­летбек Байтұрсынұлы жүргіз­ген бұл кеште этнограф-жазушы­лар Болат Бопай, Баяхмет Жұма­бай, публицист-жазушы Болат Құр­­­манқажы, ақындар Аманғазы Кә­ріпжан, Сламхат Сейітқамза, Ләз­зат Игісін, Мағиза Құнапия, Рай­са Ақанқызы, күйші Мұқаш Таң­­ғыт, Дүниежүзі қазақтары қауым­­дастығының Алматы фи­лиа­лы басшысының орынбасары Серікжан Ахмет, «Жанашыр»» қо­рының президенті Жаңыл Әпе­това, «Отандас-Ел» қоғамдық бір­­лестігінің төрағасы Мұқан Ма­мытхан, Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Жамелова және т.б. қатысу­шы­лар ақын поэзиясы жайлы өз пі­кірлерін айтты. Сондай-ақ, ша­раға С.Демирель атындағы қазақ-түрік колледжі мен Халықаралық қазақ-қытай колледжінің студент­тері қатысты. Кеш соңында
«Жа­н­а­шыр»» қорының президенті Жаңыл Әпетова Қазақстан Жазу­шылар одағы кітапханасына «Өмір өр­нектері» кітабының 100 данасын сыйға тартты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір