СЫР ЕЛІНІҢ БАС ШАҺАРЫ ҚОС ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
10.10.2018
961
0

Сыр елінің жұрты күздің алғашқы айын дүбірлі тоймен аяқтады. Алты алаштың анасы атанған Сыр елінің бас шаһары – кешегі Ақмешіт, бүгінгі Қы­зылор­да қаласының іргетасы қаланғанына – 200 жыл.

Жерұйықты іздеген Қорқыт атаға – қобыздың атасына топырақ Сыр бойынан бұйырған. Сыр елі – қазақтың жыршылық өнерінің мектебі қалыптасқан мерейлі мекен. Еліміздің тұңғыш мәдени-ағарту орталығы болған Қызылорда облысы – бүгінде дамыған өңірлердің бірі. Осынау тарихи мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға арнайы іссапармен келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды. Онда Қызылорда өңірі ежелден қазақ ұлтының ұйысқан ордасы болғаны атап өтілген. Г.Әбдіқалықо­ва мерекелік іс-шаралар аясында «Рухани жаңғыру» облыстық орталығының ашылу рәсіміне қатысты. Сыр елінің ғана емес, жалпы қазақтың мерейін аспандатқан, Астанамыздың 20 жылдығымен қатар келген бұл тойда елімізге белгілі әртістер мен жетекші өнер ұжымдары әсем әуен, сырлы саздан шашу шашты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір