Жармағамбетовтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті
02.10.2018
1346
0

Қыркүйектің 25-і күні академик ғалым Қ.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайының көрме залында ақын, жазушы, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.

Қайнекей Жармағамбетов қазақ поэзиясы мен прозасында және ау­­дарма ісінде айшықты із қал­дыр­ды. Ең алғашқы жинағы «Заман біз­дікі» деген атпен 1950 жылы жа­рық көрген. Баллада жанрының қа­лыптасуына зор үлес қосқан ақын өлеңдері мен балладалары «Адам туралы аңыз», «Мұғалима ту­ралы баллада», «Балладалар», «Соң­ғы күн», «Сырлы тал», «Шың­да­ғы шамшырақ» атты жинақта­ры­на енген. Әнші Ә.Қашаубаев жайлы «Ән­ші азамат» повесі, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, М.Әуезов, Б.Майлин, А.Го­рький шығармашылығы тура­лы монографиялық еңбектері бар. Сондай-ақ, А.Пушкин, М.Лер­мон­тов, И.Шиллер, А.Мицкевич, А.Барто және тағы басқа ақын­дар­дың өлеңдерін, И.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын, Б.Ершовтың «Тұлпартай, сұң­қар­тай» ертегісін қазақ тіліне аударған. Бі­раз уақыт Қазақстан Жазушылар ода­ғында жауапты хатшы, әдеби кеңес­ші, «Әдебиет және искусство» (қа­зіргі «Жұлдыз») журналының ре­дакторы, 1958-1964 жылдары «Ара – Шмель» сатира журналының ре­дакторы болған. 1964-1974 жыл­да­ры шығармашылық жұмысқа біржола ден қояды. Қайнекей Жар­мағамбетов – үш мәрте «Құрмет бел­гісі» орденінің иегері. Бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. Қос­танай облысы Жангелдин ау­данындағы орталық кітапхана және Тор­ғай кентіндегі бір көше ақын есімімен аталады. Туып-өскен жері – Шилі аулында мемориалдық мұра­жайы, ескерткіші және кесене­сі бар. Өнегелі ғұмыр кешкен ақын ме­рейтойына арналған кеште Қа­зақстан Жазушылар одағы Бас­қар­ма Төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып сөз сөйледі. Ал асылдың сынығы – Әлима Қайне­кейқызы Жармағамбетова ҚР Президентінің архиві, Қазақстан Жазу­шылар одағы, «Ғылым орда­сы» РМК ғылыми кітапханасы ұйым­дастырған салтанатты кештің бас­ты қонағы болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір