СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ 800 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛДЫ
16.04.2023
234
0

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «НұрМүбарак» Египет ислам мәдениеті университетiнің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби ғылыми кітапханасында «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Сирияның Қазақстандағы елшісі Самир Дерех, Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі Қайрат Лама Шариф, Қазақстанның Израильдегі елшісі Сатыбалды Бұршақов, Қазақстанның Ливандағы елшісі Расул Жұмалы, бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшелері, көрнекті шетелдік және отандық ғалымдар, ҚазҰУ мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және т. б. қатысты. Конференцияда оқылған баяндамалардың араб тілінен/тіліне аудармасын Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Жумадилова А.Е. жүзеге асырды.    

Мақала жолдаушы: Маулит Бақытнұр

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір