МҰРАҒАТ ІСІНІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21.09.2018
1132
0

20 қыркүйек күні Алматы қаласында «ҚР Ұлттық аудиовизуалды архив қорының өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық конференция өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған іс-шарада қазіргі кездегі архив ісінің дамуы мен болашағы, отандық аудиовизуалды архив саласының жетістіктері, оларды пайдаланудың жаңаша әдіс-тәсілдері, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында архивтердің сандық жүйеге көшуі, ақпараттық жүйеде ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығы, мемлекеттік архивтерді сандық жүйеге келтіру мәселелері талқыланды. Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Т.Қожағапанов, Архив ісі және құжаттама департаментінің басшысы Ә.Х.Мұстафина және республикалық, облыстық архивтердің басшылары, ғалымдар мен ұстаздар, архив саласының мамандары қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір