ӘҢГІМЕ ЖАЗУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
14.09.2018
6819
8

1-КЕҢЕС

Жас қаламгерлердің көбі мықты жазушы болуды көксейді де дереу роман жазуға кіріседі. Прозаның майын ішкен майталмандар жазу шеберлігін игеру үшін шағын формадан бастаған жөн деп кеңес береді. Егер расында жақсы жазушы болғыңыз келсе, әңгімені қолға алған жөн секілді.
Сізге қажеті мыналар:
Қағаз бен қалам (компьютер), ой­дан қиыстыра білу, төзімділік

Нұсқама

Тақырыптың басын ашып алыңыз. Ең абзалы өзіңізді толған­дыр­ған жәйтті жазған дұрыс. Егер сіз көп­шілікке қызықты, бірақ өзіңіздің қолайыңызға жағыңқырамайтын ма­териалды таңдайтын болсаңыз – ақыр аяғында бір сүлесоқ әңгімені ға­на тудыру қаупі бар.
Сюжетті ой сүзгісінен өткізіңіз. Әңгіменің аяғы қалай аяқталатынына мән бермей жазатындар яки ке­мең­гер, яки графоман. Әрине, өзіңізді гра­фоман санаудан аулақсыз. Кемең­гер болсаңыз, хош делік. Дейтұрған­мен сюжетке жауапкершілікпен қа­рап, сақтанғаныңыз абзал. Әу бастан қаһарманыңыздың ұстанған бағыты мен мақсаты анық болуы тиіс. Және ең маңыздысы: осы әңгімеңіз арқылы не айтқыңыз келгенін анық білуіңіз керек.
Әңгіме басын көрнекті және тар­тымды түрде бастау керек. Егер сіз өзіңіз үшін емес, елге арнап жазсаңыз – онда алғашқы азат жолдан-ақ оқырманды жаулап алуға тырысыңыз. Әдебиетте есімі танымал жазушы он беттік әңгімеде бір құлап жатқан үй­дің қирандысын тәптіштеп суреттеуге қа­қылы. Ал, жазары тырнақалды жа­зар­манға ондай кеңшілік жоқ. Бас­тапқы жолдан елітіп әкете алмаған бей­таныс автордың жазбасын интер­нет-пайдаланушы да журнал редак­то­ры да оқуға құлықсыз келеді.
Әңгіменің аяғын шебер қиыс­тыру керек! Алдын-ала аяғы болжауға ке­летін әңгімеде сән қалмайды. Оқыр­манды таң қалдырып, сілкілеп ал­саң ол келесі шығармаңды тағатсыз то­сады.
Кейіпкерлердің мотивировкасын мұқият ойлап шық. Олардың әр іс-қимылында өміршең бір негіз болуы тиіс. Егер оны келтіре алмасаң, оқыр­манның басын қатырғаным деп біл. Әңгіменің логикасы бүлдыр, түсініксіз болса ол оны оқи қояры неғайбыл. Жазған әңгімеңізді қайыра оқып шығыңыз. Мүмкін қиыспай тұр­ған келеңсіз жерлерін немесе сти­листикалық қателіктерін байқарсыз. Өңдеп шығыңыз. Тағы бір мәрте оқыңыз. Кім біледі, өзгеде қателіктер табы­лып қалуы кәдік. Жалықпай тү­зеңіз, ерінбей қайталап оқыңыз, қа­шан көңіліңіз толғанда ғана қоярсыз.
Пікіріне құлақ асатын бір ада­мыңызға дүниеңізді оқуға беріңіз. Ол өзіңіз байқамаған қателіктерді аң­ғаруы мүмкін. Осындай өткелдерден өткен соң ғана барып, жазбаңызды оқырманға немесе редакторларға ұсынуға болады.

2. ӘҢГІМЕНІ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

Әдебиет әлемінде танымал болуды армандау ерсі емес. Ерсілігі: соны армандай тұрып, жазушылық шеберлігіңді шыңдау үшін шыбық басын сындырмау. Сондықтан әңгіме жазуға құштар кімде кім болмасын — өз кәсіби деңгейін жатпай-тұрмай өрлетуге ниетті болуы тиіс.

Нұсқама

Шығарманың ұтымдылығы үш тағанға байланысты: сюжет, стиль, ойлануға мүмкіндік беретіндей оқиғаның толық айтылып тасталмауы. Осы үшеуінің бастапқысын алыстан іздеп қажеті шамалы, өзіңіз жақсы білетін жәйтті негізге алыңыз. Егер әңгіме жазуға ниеттеніп, баяндалуға тиісті оқиғалардың жалпы сұлбасы ойыңызға қонақтаса – отырыңыз да жаза беріңіз. Басыңызға әңгіменің алғашқы керемет бір жолы мен талдырып, таң қалдыратын соңғы тіркесі қашан келеді деп уақыт жоғалтпаңыз. Сосын шығарманың барша мәтінін ретімен тізбектеп жазып шығуға ұмтылмаңыз. Редакциялаумен кейінірек шұғылданасыз.
Барлығы жазылып болған соң, қағаздарыңа тыныштық бер, біраз жатсын. Соңыра таман қайта оралып, мұқият ежіктеп тұрып оқуға кіріс. Логика жағынан шалыстық жоқ па? Сюжеттік тарамдары қиюласып тұр ма? Стилің ақсап жатқан жоқ па? Шығарманың осы тұсында маңызды жүк арқалаған ой-оралымдарды, диалогтарды, суреттеулерді өңдеуден өткізу керек. Өз талантыңның жана­шыры кім екенін естен шығарма: ортақ идеяға қызмет етпейтіннің барлығын аяусыз жоя бер, іш пыс­тыратын қайталаулардан арыл және тартымсыз баяндауларға бой ал­дырма. Әрине, ақылын тыңдай­тын­дай біреуге оқытып алған да жақсы.
Жазған дүниең қолма-қол жарық көріп кетуі екіталай. Сондықтан тоса білу де керек. Редактормен хабар­ласып кем-кетігі болса, сұрап білген де жөн. Егер ол түзетулер енгізу керек десе, қыңыраймай көнген дұрыс. Себебі ол кәсіби білікті адам. Ал өзің болсаң бұл саладағы сарыауыз балапансың.

КЕҢЕСТЕРДІҢ ПАЙДАСЫ ТИДІ МЕ?

Әдебиет әлемінде қамтылмаған сала қалмаған да шығар. Сондықтан жүз пайыз жаңалық аштым деп өзіңді алдама. Онан да осы тақылеттес тақырыптарға жазылған кітаптарды оқып, өз тарапыңнан қаншалықты үлес қоса алғаныңды пайымда.

Дайындаған Заман Төлеуов


Аса мәртебелі қаламгер! Бұл байламға сіз не дейсіз? Не алып, не қосуға болады? Жер бетінде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Олай болса, қалам ұстаған әр адамның жазушылыққа келу жолы, жазу машығы сантарау. Дегенмен, өз ойыңызды ортаға сала отырыңыз!

ПІКІРЛЕР8
Есімхан 15.10.2018 | 13:44

Әңгімені әуелі алдымен баста жақсылап пісіріп алу маңызды, соосын әр дамнның ойы әр түрлі, соосын да сен бұлай жаз олай жаз деу кішкене арттық, деседе бағыт берген жақсы.

Аноним 27.02.2024 | 20:48

Мүлдем бұлай емеской

Аноним 09.03.2024 | 15:59

Әңгіменің басын бастау қиынға соғуды. Мүлдем идея жоқ.Не істесем болады? Жақсында олимпиада…:((

Аноним 13.03.2024 | 06:54

Әңгіме жазу-бұл кімде-кімнің қолынан келе білер іс емес! Иә, әңгімені жазбас бұрын, нақты соңына дейін ойлан дейтін де бар шығар. Әдетте, бұл іс тығырыққа тірері анық. Тек оқырман емес, өзіңе де, соңы не болары қызықты етір жазу мәндірек деп ойлааймын!.

Аноним 13.03.2024 | 06:56

Иә, әңгімені жазбас бұрын, нақты соңына дейін ойлан дейтін де бар шығар. Әдетте, бұл іс тығырыққа тірері анық. Тек оқырман емес, өзіңе де, соңы не болары қызықты етірп жазу мәндірек деп ойлааймын!.

Аноним 23.04.2024 | 19:15

Ия әңгіме жазуда,негізгі кейіпкер өзің болсаң өз атыңды бүркемелеп жазуға юолатын шығар.Әңгіме өмірдегі болған оқиғалар желісі,кейде бір адамның тағдыры баяндалатын шығарма деседе болады.Онда кіріспе,негізгі бөлім және қорытынды міндетті түрде керек сияқты.

Аноним 23.04.2024 | 19:18

Мысалы мен өз өмірімді әңгіме қылып баяндасам деп ойлаймын.Ортасында шабытым келіп өлең де шығаратын кездерім бар.Біз Бердібек Соқпақпаев сияқты ағалардың шығармаларын бала күнімізде қызыға оқып өстік.Бірақ осы істі бастауға аздап батылдық жетпей тұрған тәрізді

Аноним 23.04.2024 | 19:19

Өз пікірлеріңізді ,ойларыңызды қоссаңыздар

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір