АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЫКА
14.09.2018
1022
0

Алматыда 12-13 қыркүйек күндері Қала күні мерекесі аясында IX музыка фестивалі өтті.

Екі күн бойына ашық аспан астында танымал шығармашы­лық ұжымдар мен музыка аспап­тарында ойнайтын солистердің және вокал өнері шеберлерінің қа­тысуымен оркестрлік музыка кө­рермендерге рухани ләззат сый­лады. Сахна төрінде Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ Мем­ле­кет­тік академиялық халық аспап­та­ры оркестрі, Н.Тілендиев атын­­дағы «Отырар сазы» ака­де­ми­ялық фольк­лорлық-эт­ног­ра­фиялық оркестрі, Алматы қа­ласы әкімі­нің эстрада­лық-симфониялық ор­кестрі және ҚР Мемлекеттік үр­лемелі оркестрі өнер көрсетті. Ме­рекенің алғашқы күні клас­сикалық музыка тыңдар­ман­да­рына «Күйден классикаға дейін» атты музыкалық бағдарлама ұсынылды. Оған қазақтың ас­пап­тық және әндік класси­ка­сы­ның жауһарлары, халық шығар­ма­шылығының үздіктері, орыс және еуропалық авторлардың клас­сикалық әуендері, заманауи сазгерлердің шығармалары, ки­нофильмдердің саундтректері енді. Ал екінші күні «Менің қа­лам» бағдарламасы аясында өт­кен жылдар мен қазіргі кезеңнің Алматы туралы әндері орындал­ды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір