«АЛМАТЫМ – АЯУЛЫМ» атты әдеби кеш өтеді
Дәстүрлі іс-шара «Қала күніне» орай өткізіліп отыр. Мың жылдан аса тарихы бар Алматы қаласында қазақ әдебиетінің классиктері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің 40-50 жылдан аса тұрғанын, еңбек еткенін, тамаша туындыларын дүниеге әкелгенін білеміз. Жазушылар мен ақындардың ару Алматымен тығыз байланыста кешкен ғұмырларынан, қызықты деректерінен сыр шертіледі. Ақындар жырдан шашу шашып, ой бөліседі, оқырман сауалына жауап береді.
Өтетін уақыты: 2018 жылғы 13 қыркүйек, сағат 15.00.
Кеш модераторы: Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі.
Кеш қонақтары:
Бауыржан ЖАҚЫП – ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Рафаэль НИЯЗБЕК – ақын, «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты. Шешенстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік «Ұлт намысы» ордені мен Шешенстан мемлекеттік сыйлығының иегері.
Қатысатындар: Алматы облыстық «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары, Республикалық медицина колледжінің студенттері, ғалымдар, жазушылар, мұражай қызметкерлері.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі, 125 (Қарасай батыр көшесінің қиылысы)