АЛҒАШҚЫ ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛЫ АШЫЛДЫ
5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде қазақ баспасөзі жаңа басылыммен толығып, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «ULYS» атты алғашқы цифрлы қазақ журналының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген сөзін ұран еткен сараптамалық-танымдық басылым Орталық Азия мен туысқан түркі дүниесіне ортақ дүние болмақ. Журналдың құрылтайшысы әрі бас редакторы – журналист Ержан Қалымбайұлы. Автордың мұндай журнал ашудағы бір мақсаты – ақылды жастарды «сәнге» айналдыру. «ULYS» соңғы үлгідегі тәжірибелерге негізделіп жасалған. Атап айтсақ, оқырман мақаланы оқумен қатар аудиожазбасын тыңдап, тіпті бейнежазбасын да көре алады.