Заманауи оқу мәдениеті ойландырады
07.09.2018
1853
0

Қыркүйек айының 11-12-сі күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбында Халықаралық Оқу Конгресі өтпек.

Онда оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, кітап және кітап мәдениетінің мәртебесін көтеру, қоғамның барлық топтарын оқу мәселелеріне тарту, оқу феномені сауалдары, кітапханалық және ақпараттық технологияны пайдалану, кітапханалық менеджмент пен маркетинг, оқырмандардың мәдени құзыреттілігін жақсарту, интеллектуалды әлеуетті дамыту мәселелері қарастырылады. Конгресс жұмысына Кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің халықаралық федерациясы, Еуразия кітапханалық Ассамблеясы, Ресей кітапханалық қауымдастығы, Электронды кітапханалар және жаңа ақпараттық технологияларды жасақтаушылар мен пайдаланушылардың халықаралық қауымдастығы, Түркітілдес елдердің Ұлттық кітапханаларының және туысқандық қоғамдастық қауымдастығы өкілдері, халықаралық мәдени ұйымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер, ғалымдар, Ұлттық кітапханалар басшылары, кітапханашылар, оқытушылар және студенттер қатысады. Аталмыш шараға жалпы оқырман қауым да қатыса алады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір