ӨЗГЕРМЕЛІ ӘЛЕМДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ РӨЛІ АЛМАТЫ ФОРУМЫНДА ТАЛҚЫЛАНАДЫ
07.09.2018
922
0

Қыркүйек айының 10-12-сі күндері Алматы шаһарында Халықаралық Қазақ ПЕН клубының ұйымдастыруымен жазушылардың халықаралық форумы өтеді. Форумға Франция, АҚШ, Англия, Польша, Израиль, Қытай, Палестина, Түркия, Моңғолия, Германия, Чехия, Ресей, т.б. елдерден белгілі жазушылар келмек. Олардың арасында Атанас Ванчев де Трасси (Франция), Януш Вишневский (Польша), Сэндоогийн Хадаа (Моңғолия), Ханаан Аваад (Палестина), Алексей Цветков (Израиль), Юсуф Амине Элалами (Марокко), Бақыт Кенжеев (АҚШ), Сергей Гандлевский (Ресей) сынды жазушылар бар.

Іс-шара «Өзгермелі әлемдегі қазіргі заман әдебиетінің рөлі» деген өзекті тақырыпқа арналып отыр. Мұндай әдеби іс-шара елімізде қанша уақыттан бері өткізілмегенін ескерсек, бұл қазақ әдебиеті әлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі болмақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір