Жүректен шыққан арнаулар
17.08.2018
2627
0

Жанат ЖАУБАСОВ


Жанат ЖАУБАСОВ – 1950 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туған. «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Гуманитарлық Академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, актер, Алматы облысы Талғар ауданының «Құрметті азаматы», «Жанат-ауылы» шаруа қожалығының төрағасы. «Жүрек сыры» (1998), «Ақ тілек» (2002), «Көксегенім ауылым» (2004), «Байлығым – халқым мен жер» (2010), «Мен – тәуелсіз Қазақпын» (2013), «Ұлы дала ұрпақтары» (2018), «Ұландарым Қырандарым» (2018) атты кітаптардың авторы.
Атымтай Жомарт ағамыз «Қазақ әдебиеті» газетіне 100 адамды тегін жаздырып берді!


Қос аққудай бірге жүзіп келесің!
(Қадырұлы Әділге 70 жас және 50 жылдық Алтын тойына арнау!)

Қарағанды, Тамыз айы, Сарыарқаның бауыры,
Айтбайдың қара суы 10-шы Әділдің туған ауылы.
Бақытты жан немересін еркелетіп көтерген.
Бүгін міне 70-імен құттықтайды
құда-жекжат, бауыры.

Ұрпағы ол, асыл туған «Керней баб» алыптың,
Ақылшысы, батыры да болған кеше халықтың.
Аяулы Қадыр әкең, Құлтайшадай анаңның,
Баталары әкелді ғой, әулетіне жарық күн.

Бақытты, дербес елмен таңың атты,
Директор, әкім болдың, тәрбиелеп жас ұрпақты.
Ағадыр, Шет, Ақтоғай еңбек жолың үлгі ұрпаққа,
Көтердің сен, тәңірім берген бойға бақты.

Намысты азаматсың ел сыйлаған,
Өмірде табысың көп, мол жинаған.
Адал еңбек, тазалықты ту қылып,
Жастарға сен үлгі болдың, туыстарға сыйлы адам.

Ақылшың жас күніңнен, әрі қорған,
Шекердей жан жарыңмен төрің толған.
Еркелеткен немере, ұл-қыз ардақтысы,
Инабатты ісімен, келіндерге үлгі болған.

Жетпіс жасың, Жамбыл ата жасына нық басқаның!
Қосағыңмен ашық болсын аспаның.
Немерелер, шөберелер екеуіңе еркелеп,
Ата-апасын көрсін олар, жүз жастан да асқанын.

Қос аққудай бірге жүзіп келесің,
Тоқтатпасын тәңірім берген кемесін.
Әділ, Шекер Алтын тойда айтарым,
Асылдарсың, балаларға төресің!

АНАҒА!
(Бибіғайша 60 жасына)

Әлі есімде, балауса қыз алаулаған шақтарың,
Қол ұстасып, қарсы алушы ек
Сарыарқаның ақ таңын.
Қиялменен армандаушы-ек, көрсек деп,
Алматының сырға толы, алма толы бақтарын.

Ақ жол тілеп, аттандырған Жетісуға анашым,
Айтып еді, «Бақытыңды еңбегіңнен табасың!
Үлкендерге ізет қылып, адал өсіп ер жетсең,
Тағдыр саған, өзі берер, әділдіктің бағасын!»

Жастық шақта, бәрі қызық. Қиындықты білмедік,
Татулықты, сыйластық пен махаббаттан іздедік.
«Жер жапада» тұрсақ-тағы, бақытты боп өмірде,
Зәулім үйін, көршіміздің көзімізге ілмедік.

Құндыз бөрік, қымбат тонды үстімізге кимедік,
Ала жіпті аттамадық, жамандыққа жүрмедік.
Ұйқы шала, түндерді де алып тастап көңілден,
Демеу болып, бауырларға, үзілгенін күрмедік.

Алпысқа да келдік бірге, қол ұстасып өзіңмен,
Армандаған мақсатымыз, орындалды төзіммен.
Алма бақ пен кең сарайда, немерелер бақытты,
Келіндерің үлгі алады, айтқан асыл сөзіңнен.

Қиындықта бірге болдың, желдің ызғар өтінде,
Ұл да сүйдік, қыз ұзаттық, немерелер өсуде.
Ана-жүрек мейіріммен, қарадың сен туысқа,
Тілейтінім, шуақ берші 100-ге дейін осы үйге.

Жүректен шыққан сөзді, бүгін осы тойда түйейін,
Жас ұрпаққа, жолымызды болашаққа тілейін.
Алпысыңды беу, Бибіғайша, құшақтап,
Тәңірімнен 100 жас сұрап, маңдайыңнан сүйейін!

Сағыныш! (100 жасаған Бәтима әжемнің рухына!)

Асау тайдай жүруші ем мен жасымда,
Аңғалым-ай, деуші еді анашым да.
Тал шыбықты ат қылып мініп алып,
Жарысушы ек, ауылда дос қасымда.

Қайран әжем, алаңдап іздеп келіп,
Құшақтайтын аялап «құртын» беріп.
Қолда қабы ақырын айтушы еді,
Жүр, Жәкешім келейік тезек теріп.

Белін жазып қараушы еді маған күліп,
Камзолына, жатушы ем басым тығып.
Мейіріммен, маңдайдан сипаушы еді,
Айтқан сөзді, «балапан» ал деп ұғып.

Шыққан тегің Арқада, «Қуандық» ботам,
Батыр болған, өжетті сенің атаң.
Өз әкең Бақыртанда жау жүректі,
Кеудесіне, «Қызыл жұлдыз», таққан Отан.

Аңғал болма, өмірде жігерлі бол,
Оқу-білім, тазалық, керегің сол.
Тер төгіп, еңбек етсең адал болып,
Болады, бұл өмірде ырзығың мол.

Жылдар өтті, атамын мен де бүгін,
Өмірдің арқаладым ауыр жүгін.
Сол жылдары, «Әжемнің» айтқан сөзін
Ұрпағыма жеткіздім мен де бүгін.

Атамекен – Тәңіртау

Тәңіртау – Мұқағали мекеніне,
Баурайлы Қарасаздың етегіне,
Жетер ем жер түбінен бір көруге,
Ілесіп, сағыныштың жетегіне.

Қиялмен қырандай боп кетер ме ұшып?
Қарадым тұлғасына ойлай түсіп,
Ақынның дәл өзіндей самғай шырқап,
Тұр екен «Елшенбүйрек» көкті құшып.

Айғас тас, Құмбел анау еңселенген,
Өсері рас екен еңсең елмен.
Мұқаңды тау шыңындай өсіріпті-ау,
Көрмесем, өз көзіммен мен сенер ме ем?!

Қалдырған жүрегінің елде кенін,
Мен көрдім, сездім солай ер мекенін.
Ұясы батырлар мен ақындардың,
Жетісу дейтін жәннат жерде екенін.

Жасымнан Жетісуда еңбек еттім,
Үйреніп ұстаздардан, ізет еттім,
Мұқағали тойында «Сарыжазда»,
Мәреге ақындармен мен де жеттім.

Ағадан Әбділдадай бата алғам,
Жеңдірді айтыстарда арайлы арман.
Халқымның сөз өнерін аялаған,
Бой бермес сайыстарда мен бір тарлан.

Байқасам тоқтамайтын өмір дауын,
Тілеймін байтақ елдің мен де «сауын».
Сүйемін дәл өзіңдей жырымды арнап,
Мұқағали ағамның Тәңіртауын.

Намысты, өнерлі едің, тұнып тұрған!
(Сәкен Сері Жүнісовтың тұрған үйіне белгі тақта қойғанда келген ой)

Сол бір күзгі, есімде танысқаным,
Сағынышқа айналып, алыстадың.
Көз алдымда кешегі кесек тұлғаң
Еске салар елімнің Арыстарын.

Намысты, өнерлі едің тұнып тұрған,
Адамды, тартушы еді, Әсем тұлғаң.
Өмірің, жүріп өткен, үлгі ұрпаққа,
Кезінде, Ғабең ағаң көңілін бұрған.

Сәкен Сері, атады еркелетіп,
Еңбек еттің, халқыңа өрге жетіп.
«Жапандағы жалғыз үй»– шығармаңды,
Додаға түсірді ғой ұлтшыл етіп.

Түссе де, жасымадың дауға басың,
Ұштадың қаламыңды, ағаңдай Қасым.
Аспиранты атанып Әуезовтің,
Ғылымға да бет бұрдың, өрлеп тасың.

Сұлу Көкше, Сарыарқа туған жерің,
Ақын, батыр, ғұлама шыққан тегің.
Құлагер басқан киелі топырақты,
Жазып кеттің, зерттедің, тауып емін.

Біржан Сал, Үкілі Ыбырай, Ақан Сері,
Халқына танытқан сен – мұрагері.
Астанада Отауыңа белгі қойды
Тұрғансың осы үйде Сәкен Сері.

Жер ана!

272 миллион шаршы шақырым жеріміз бар,
Тоғызыншы орында төріміз бар.
Тау, теңіз аялаған кербез дала,
Бабалар ізі қалған өріміз бар.
Қазақтың батыр туған
Ұрпағы бар.
Жерден қымбат,
Жерден құнды,
Игілік болмас бауырым,
Ойланайық!
Жер үшін арпалыстың
Болғаны анық.
Тарихқа көз салсаңыз,
Жер-Анаға жазылды қанша дастан.
Бір өзің ғой бүгінде бағымды ашқан.
Бау-бақша, жеміс-жидек салдым қанша,
Үйреніп ұстаздардан бала жастан.
Зымиян жоспарларын орындады,
Тың жер деп, жыртылды ғой қорым маңы.
Зираты, ата-баба кетті қанша,
Кремльдің іске асып қатал заңы.
Жазушылар қаламмен қарсы тұрып,
Орталықтың жоспарлы ойын бұзды.
Еркіндік алғаннан соң Президент,
Тәртіппен шекараның бойын сызды.
Жер-Ана кешір бізді;
Көрдің ғой талай содыр зұлымдықты,
Қопарып «атом» менен
Қойнауыңа «у» да тықты.
Алыптар арпалысып келе жатыр,
Тәңірден біз сұрайық татулықты.
Жеріне Абай атам полигон сап,
Асыл-ана көтерді «мақұлықты».
Нұр ағам дербестіктің туын ұстап,
Атомды өз қолымен жойып құртты.
Қолдау тауып Елбасының ұсынысы,
29 тамыз – ядролық сынаққа
Қарсы күн боп аты шықты.
Кемеңгер бұл ісіне риза халық,
Қазағым татулықпен бәрін ұтты.
Кремль, Америка басқалары,
Қазақтың ұлылығын жаңа ұқты.
Сондықтан, сайландық біз төр басына
Беу, қазағым, өркенде өзің мықты!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір