«Халқымның тарихы»
28.08.2015
1280
0
Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойларына орай өңір суретшілері арасында көрме байқауы өтті. «Халқымның тарихы» деп аталатын экспозицияға 100-ден астам кескіндеме, сурет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қабылданды. Көрмеге кәсіби суретшілердің туындыларымен қатар, әуесқой және жас қылқалам шеберлерінің де шығармалары қойылды.

121966_1138493680____________1Байқауға келіп түскен материалдарды сараптап, үздігін таңдауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Бай­тұрсын Өмірбеков арнайы келді. Сарап­шы­лардың шы­ғарған қорытындысы бойынша, Қазақ хандығының 550 жылдығы аталымында Ғалым Қаржасов, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталымы бойынша Өсербай Шуранов, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталымында Әнуар Игембаев жеңімпаз атанды. Үздік туынды авторлары арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көрмеге келген жұрт суретші Галина Беспалованың дизайнымен тігілген киім үлгілерін тамашалады.
Хамза Тілеу,
Павлодар қаласының тұрғыны:

– Мен мұндай тарихи көрмені бірінші рет та­ма­­шалап отырмын. Мұнда қазақтың басынан өт­кен тарихи оқиғалар мен көшпенді қазақ дәуі­рінің тұрмыс-тіршілігі өте қанық суреттелген. Әсі­ресе, Қазақ хандығының 550 жылдығы та­қырыбына салынған батырлар мен билердің суре­тінен қазақ елінің ғасырлар бұрынғы бейнесін көргендей болдым. Осы туындыларды мектеп оқу­шыларына және жоғарғы оқу орны студент­теріне көрсетсе, тарихтан аз болса да тәлім алар еді деп ойлаймын. Суретшілерге шабыт, қыл-қа­лам­дарына шеберлік тілеймін!

Тілеуберді Сахаба.

ПІКІР ҚОСУ