Абайдың шкафы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде қазақ халқының ардақ тұтар тұлғасы – ақын Абай Құнанбаев тұтынған шкаф құнды жәдігер ретінде жоғары бағаланады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құнды жәдігер Сыр өңіріне қалай жетті? Шкафты музейге Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентіне жақын орын тепкен А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров табыс етіпті.
Бағалы жәдігер алғаш Құнанбайдың туысы – Тұрған деген кісіге берілген. Ол ауылына төркіндеп барғанда Абай естелік ретінде осы шкафты тарту етіпті. «Одан кейін ол кісі қыз босанып, Абайдың әжесі – Зеренің есімін қояды. Зере бой жетіп, беріде Сыр өңіріне келін болып түседі. Сонда жасау ретінде осы шкаф та келеді», – дейді музей мамандары. Ахметбек Іскендіровтің айтуынша, Зере оған нағашы әже екен. Жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген дүниені ол кісі беріде аудандық өлкетану музейіне табыс етіпті.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.