Мәскеуде шыққан жетінші кітап
06.07.2018
987
0

Мәскеу қаласындағы журналистер үйінде белгілі ақын, жазушы Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың «Саманный домик бытия» атты өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.

«Художественная литература» баспасынан шыққан бұл кітап автордың Мәскеу қаласында шыққан жетінші кітабы. Автор шығармалары әлемнің әр еліндегі оқырман бағасына ие. Автор­дың шығармалары лиризмге толы, бүгінгі қоғамдағы драматизм өлеңдерінен анық көрінеді. Кітапқа Сталинград үшін шайқасқа арналған «Эхо войны» поэмасы да енген. Көп шығармасын тарихи тақырыпқа арнаған ақын, келер ұрпаққа Тәуелсіздіктің бағасын ұғындыру үшін, бабалар алдындағы перзенттік парызды өтеу үшін тарихи поэма жазатынын айтты.
Тұсаукесерде сөз сөйлеген «Художес­твенная литература» баспасының директоры Георгий Пряхин, орыс тілінде жазатын қазақ ақыны өзінің шығармалары арқылы қазақ-орыс мәдениетін жақындастырады, – деді.
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігі­нің кеңесшісі Дәурен Дияров «Екі ел арасындағы әдеби-мәдени қарым-қатынастың нығая түскенін және де орыс тілінде жазатын қазақ авторларынан бөлек, қазақ ақын­дарының шығармаларын орыс тіліне аудару ісі қарқынды жүріп жатқанын» айтты.

Аяулым РАБАТ,
11-сынып оқушысы.
Ш.Смағұлов атындағы дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
физика-математика мектебі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір