Астана – менің өз Астанам!
06.07.2018
1134
0

Акбар РЫСҚҰЛОВ,
ақын, Қырғыз Республикасы
Жазушылар одағының төрағасы


Қырғыз елінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған жылдарда Астанадан ең алғаш Елшілік үйін ашқан Қырғыз елі болды.
Сол жылдары «Астана аспаны» деген өлең кітабымды шығардым. «Қазақ пен қырғыз арасы» деген өлеңіме Ілия Жақанов ән жазып, оны Бағдат Сәмединова орындап жүр.
Астана көз алдымда өркендеді, гүлдеді. Оның жаңарғаны сонша кейінгі келген сапарымда адам танымастай өзгергенін көрдім. Мен үшін Астана – менің өз Астанам! Гүлдене берсін! Көркейе берсін!

Аксарбашыл! Батаң бер, ырысың бер,
Астанадан бұйырды бір үзім жер.
Көш бастады қырғыздың елшілігі,
Көш қоштады украин, грузиндер.

Жаңалыққа бөленіп әр-әр таңым,
Жақсылыққа жағамды ағартамын.
Қырғызымның қырмызы қызыл туын
Еркелетет самалы Сары-Арқаның!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір