«Алтын аралдың арғымақтары»
06.07.2018
1294
0

 

Алматы облысы, Ескелді би ауданы, Қарабұлақ кентінде белгілі ақын, публицист, жазушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Бақытбек Бәмішұлының «Арыс» баспасынан жарық көрген «Алтын аралдың арғымақтары» атты өлең- роман кітабының тұсаукесері өтті.

 

Тұсаукесерге «Жұлдыз» журналы­ның Бас редакторы, ақын, Халықа­ралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысы филиалының жетекшісі, ақын Ерлан Жүніс, Ескелді би ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әпеков, Тілдерді дамыту және Мәдениет бөлімінің басшысы Бақытгүл Ерғалиева, Ескелді аудандық кітапхана директоры Сара Өскенбайқызы, кітапхана дирек­торының орынбасары Әйгерім Түскен­баева, Дүниежүзі қазақтары қауымдас­тығының Алматы облыстық филиалының бастығы қатысып, кітап туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті. Кітапхана қызметкері Динара Беспаева ақын шығармашы­лы­ғымен оқырман қауымды таныстырып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиясының ақын шығармашылы­ғында қалай көрініс тапқандығын баяндап берді.
Кітапты оқырмандарға таныстыру шарасында Ескелді би аудандық кітапха­насы мен Мәдениет басқар­масының қызметкерлері, ақынның ұстазы Арқалық Сүлейменұлы, Жетісу жеріне белгілі кәсіпкер Бүркітбай Файзуллаұлы, облыстық «Жетісу» газеті мен аудандық «Жетісу шұғыласы» газеттерінің қызмет­керлері мен жергілікті ақын-жазушылар қатысып, ақынның ақындық биігі мен шеберлік қырлары жайлы пікірлерін ортаға салды. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір