Қалалық айтыс: «Ел ордасы – Астана»
29 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағында Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел ордасы – Астана» атты қалалық ақындар айтысы өтеді.
Айтыстың мақсаты мен міндеті: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу, ұлттық айтыс өнерін дамыту, жастардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне деген ықыласын арттыру.
Айтыстың шарттары. Айтыскерлер айтыстың барлық түрлерін қолдана отырып өнер көрсетеді. Ақындарға келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады:
1. Астананың 20 жылдығы;
2. Астананың бас сәулетшісі – Елбасы;
3. Мәңгілік Ел;
4. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл;
5. Алматы – руханият орталығы.
Айтысқа қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың суырыпсалма өнеріне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, ұлттық киім үлгісіне баса назар аударылады.
Айтыстың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғысхаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Басталуы сағат 15.00-де.