Ағайын Алакөлге жол тартты
Елбасы айтқан Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 58-қадамында ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту жайында сөз болған.
Жуырда Шығыс Қазақстан Облысында Алакөлге саяхатқа шыққан туристер үшін қоғамдық теміржол бағыттары жұмыс істей бастады. Жол – көлік инфрақұрылымын қалыптастыру тапсырмасына сәйкес халықтың демалыс аймағына үздіксіз қатынауына мүмкіндік беретін бұл бастама тұрғындарды қуантты.
Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының шекарасында орналасқан Алакөл жағажайы үлкен сұранысқа ие. Денсаулық туризмі бойынша оған тек еліміздің ғана емес шетелдік тұрғындар да көп келеді. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан жағалауының инфрақұрылымына жүздеген миллион теңге инвестицияланып, қолайлы жағдайлар жасалды. Дегенмен, туристер ағымын жол қиындығы біршама шектейтін. Өскемен мен Семейден көлге дейінгі жер 500 шаршы шақырымды алып жатыр. Демалушылар мен туристер автобусқа отырып, жолға көп уақыт жұмсағысы келмейді. Станциядан ешқандай жол болмағандықтан, пойызбен де жету мүмкін емес еді.
2017 жылы облыс басшылығының бастамасымен Жалаңашкөл теміржол станциясын жағалау аймағының орталығы Қабанбай ауылымен байланыстыратын жол жобасы әзірленді. Биылғы жылы жол іске қосылды. Келесі қадам – облыстың негізгі қалаларынан Жалаңашкөлге теміржол кестесіне екі жаңа жолаушылардың енгізілуі болып отыр. 21-маусымда «Өскемен-1» станциясынан туристермен алғашқы пойыз шығып кетті.
Көлік және автомобиль жолдары басқармасының бастығының міндетін атқарушы Әсет Сұлтановтың айтуы бойынша: пойызда 5 вагон және 260 орын бар. Құрам, Өскемен-1 – Жалаңашкөл-Достық, Семей-Жалаңашкөл-Достық бағыттарында төрт күнде бір рет жүреді. Сағат 16:30 да жолға шықса, келесі күні таңғы сағат 8.30 өзенге де жетесіз. Өте ыңғайлы. Тұрақты байланыс үшін облыстық бюджеттен 140 млн. Теңге бөлінген. Ал билет бағасы – 2 800 теңге.
«Қала маңындағы көлік» АҚ өкілі Серік Донбаевтың айтуынша, маршрут демалушыларға көмектесу үшін даярланған және таза әлеуметтік рөл атқарады. Өскеменде бірінші рейсте пойыздың жартысынан көп орны алынса, Семейде 80%-ға жуық орын алынды. Сарапшылар бұл шараның арқасында бұған дейін Бұқтырма су қоймасында демалып жүрген Өскемен, Риддер және Зеренді тұрғындары енді Алакөлді таңдайтынына күмән келтірмейді. Тек өткен жылы көлге 400 мыңға жуық турист барған.
Жаңа пойыздың алғашқы жолаушылары негізінен кішкентай балалары бар отбасылар. Бұл бастама тек көлік қатынастын дамытып қана қоймай, болашақта Алакөлдегі отбасылық денсаулық туризм кластерінің дамуына септігін тигізеді.
Ж.АДЫРБАЙ,
ХАТУ-дың 1 курс студенті.