Қазаққа тоқтаусыз қызмет қылушы
Абай отаршылдық заманының ең бір қатал, қаратүнек заманында өмір сүрген кісі. Қараңғылықтың бүкіл қасіретін бар болмысымен сезінді. Абай сол қараңғылықпен күресті. Қай ұлт үшін де қараңғылықтан өткен жау болмайды. Міне, сол дұшпандықпен қайыспай күрескен жан. Ақын ол кезде қанша жазғаныменен еңбегі қалың елге тарай қойған жоқ. Оның осыншалықты қайсарлығын, қайғы-мұңға батқанын көп қазақ естіген жоқ. Оны тек қана Алаш азаматтары ең алғаш айтты. Қазаққа Абай өсиетін, тағылымын М.Әуезов жеткізді. Оның өзі де асқан табандылықпен, зор қайрат көрсетуінің арқасында ғана Абай есімі елге танылды. Қарапайым халық эпопея дүниеге келгеннен кейін ақынды тани бастады.
Темірхан Медетбек, ақын
«Абайды әлі танып болған жоқпыз», – дейді. Абайды ешкім де толық тани алмайды. Бірақ абайтануды мүлде жоқ деп айту – қате сөз. Өйткені, олай айтатын болсақ, ең алдымен Әуезовті, Тәкен Әлімқұлов, Мекемтас Мырзахметов, Тұрсын¬жан Шапайларды жоққа шығарған боламыз. Бірақ Абай кеңістігі де, тереңдігі, биіктігі де сонда, оның түбіне, шыңына жету мүмкін емес. Өйткені, заман жаңарған сайын Абай да жаңарады. Оны түсіну өзгереді, Абайдың өсиеті де сол за¬ман¬ға басқаша үн қатады. Сұмдық бір тоқтаусыз процестегі үздіксіз жұмыс істеп тұрған құбылыс. Ондай құбылыс қазақ өмірінде енді бола ма, белгісіз. Халыққа қызмет етуден әлі танбаған данышпан.Тоқтамайды. Бүгінгі аярлық, сайқы¬ма¬зақтық, өтірік, сорақылық қандай да жаман қасиет болсын соның бәріне қарсы қызмет Абайдікі. Бұл адам білмейтін, тек түйсік арқылы түсінуге болатын алып әлем. Міне, осы тұрғы¬дан келгенде абайтанушылар, енді ғана тануға ұмтылып жатқандар да, сусындамағандар да осы процестің ішінде. Абай ұлттық идеологияға айналу үшін әлі де талай жұмыс керек. Абай идеологияға айналғанда ғана осы қоғамда бола¬тын небір жаман әрекеттер, сатқындықтар, өтіріктер тоқ¬та¬мақ. Абай бүкіл өміріміздегі оғаштықтарға, адамдардың алшақтап бара жатқанына жауап беріп тұрғанынын біз ұғу керекпіз. Бірақ Абай айтып жатыр екен деп өзгеріс болып жатқан жоқ. Абайдан кейін халық оқу-ғылымды, заманауи дүниелерді игеруімен өзгерген шығар, бірақ болмысы, таби¬ғаты әлі өзгерген жоқ. Абайдың айтқанын дұрыс дейді. Абай¬ды тіпті өтірікшілер де, опасыздар да мысалға келтіреді. Ең со¬рақысы сонда. Бірақ Абай жолымен жүрмейді. Өзі керемет ақын өсиетімен жүргендей болады, жұртты сол жолға шақырады, бірақ Абай тағылымынан білім алмайды. Осыған адам қатты қынжылады. Екіжүзділік баяғы.