Абайды аудару мүмкін емес
25.08.2015
1241
0

6 Валерий Михайлов, 
«Простор» журналының Бас редакторы,
ақын, лермонтовтанушы

Абай шығармаларымен танысқанымнан бері, бұл ұлы ақын­ға қатты ынтық болдым. Абайды тек қана түпнұсқада, қа­зақша оқу керек. Сонда ғана қазақ жаны мен трагедиясын түсіне аласыз…

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Қандай ғажап өлең. Ұмытпасаң аты «Қыс» қой деймін. Дәл бұн­дай табиғат суретін әлем әдебиетінде бірде-бір ақын жасай алған жоқ. Соншалықты табиғи, соншалықты сүйкімді, сон­шалықты жаныңа жақын. Абай өлеңдерін дәл аудару мүм­кін емес десем, артық айтқандық болмас. Себебі, бұн­дағы қат­пар-қатпар терең ойлар, ғажап идеялар, кесек-кесек фи­лософиялық түйіндер адамды таң қалдырады. Таң қалдырып қа­на қоймай, оқырманды ұлы істерге бастап, шалқар шабыт шақырады. Абайды оқығаннан кейін өмірге деген құштарлығың оянып, өмірді өзгеше Абайша жақсы көре бастайсың. Поэзия­ның сиқыры осында жатса керек!.. Шайырдың тәржімалауды та­лап етпейтін дүниесі – оның сазы. Тыңдап отырып сен өзге әлем­ге сапар шеккендей боласың. Барлық зұлымдық, жа­ман­дық атаулыны ұмытасың. Бойың балқып, өз ойыңмен бет­пе-бет қаласың. Абай биігі – әлем ойшылдығы мен поэ­тикасының биігі. Бірақ әлі күнге дейін осы биіктікті, хакім шыңын бағындыра алмай келеміз…

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Абай өлеңінің қуаттылығы соншалық, оқығанда көз алдыңа тек картиналар ғана елестейді. Лермонтовты терең түсініп, ке­ремет аударғаны мені өте қуантты. Абай – біздің мұрамыз, бо­лашаққа бастар жолымыз!..

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір