«АБАЙДЫ ОҚЫ…»
14.08.2023
188
0

8-тамыз күні «Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облысы филиалының» ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы «Жүсіпбек Аймауытов» театрында «Абай күні» құрметіне «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті.

 
Кешке Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А.Құрманова қатысып, құттықтау сөзін айтты. Ф.ғ.д. профессор А.Қ.Тұрышев, Абай мұрасын насихаттау­шы Д.С.Нәсенов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Ғ.Сапаров, Ш.Байғалы, А.Оралхан,Е.Қабділәштар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ж.Абайхан секілді жас ақындар да ақжарма тілектерін жеткізді. Театрдың жас артистері Абай әндері мен жырларынан композиция көрсетті.
Кеш соңында Кереку зиялы қауымы осындай шараны жылда өткізбекке уәде берісті. Кешті филиал директоры С.Елікбай жүргізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір