Амантай қажы ауызашар берді
Адал еңбек, иманды мемлекет «Аттан» қоғамдық шеруінің жетекшісі Амантай қажы Асылбектің ұранына айналған. Амантай қажы елдегі зағиптарға көмектесуді ешқашан ұмытқан емес. Семей сынақ аймағынан зардап шеккен зағиптарға қол ұшын беру оның қасиетті парызына айналған. Рақымшылық жолын Алланың алдындағы парызы санайтын Амантай қажы Ораза айының құрметіне ауызашар берді.
– Адамдар үшін өзінің өзгелер алдындағы абыройы өте маңызды. Сондықтан бұл қасиетті айда адамдар жақсылық жасауға тырысады. Бойында Рахман мен Раһим сипаттары бар барша адамзат баласын қайырымдылық пен мейірімділікке, тұтастыққа, бірлікке шақыру парыз. Бүгінге әлемде мұсылмандардың қатары көбейе түскен сайын, отыз күнге созылатын қасиетті айдың мән-мағынасын түсінуге ұмтылушылар қатары да артып келеді.
«Рамазан айында ораза ұстау – әрбір мұсылманға парыз. Ораза мұсылманның тақуалығын күшейтеді, әрі ол үшін Алла ұлы сый береді» депті Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с). Сол іспетті Алланың алдындағы сауапты істеріңіз мол болсын! – деді Амантай қажы Асылбек ауызашар соңында.