«Астана – Еуразия жүрегі»
11.06.2018
1618
0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен 5 маусымда Алматыдағы Ғылым ордасында «Астана – Еуразия жүрегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласында ұлттық код­ты қалпына келтіру үшін қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін зерттеудің қажеттілігіне назар ау­да­рады. Мемлекет басшысының бағ­дарламалық мақаласы елорданы Ал­матыдан Ақмолаға (Астанаға) кө­шірудің 20 жылдық мерей­тойы­мен сәйкес келді. Қазіргі кезде Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы, Еуразия құрлығының негізгі орталығы және жүрегі.
Қазақ, орыс және ағылшын ті­лін­де өткен конференцияда туған өл­ке тарихын зерттеудегі мето­до­логиялық ұстанымдар және өлке­тану­дың даму ерекшеліктері, та­рих­нама және деректанудағы өзек­ті бағыттар, ежелгі заманнан бү­гінгі күнге дейінгі өлке тарихын зерт­теудегі түрлі аспектілер, тәуел­сіз Қазақстанның елордасы – Аста­наның тарихын зерттеудегі за­манауи тенденциялар, Астана – бү­кіләлемдік сұхбат алаңы атты та­қырыптар кеңінен талқыланды.

Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ, электронды журналистика бөлімі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір