Қаламгерге құрмет
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қызылорда облысы Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы, журналист-жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың 70 жасқа толуына орай Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мерейлі кеш өтті. Кешке облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов, Сайлаубай Әбішев, жазушылар одағының мүшелері, қызылордалық қаламгерлер Махмұтбай Әміреев, Айжарық Сәдібеков, Толыбай Абылаев өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, филология ғылымының докторы профессор Темірхан Тебегенов Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің құтықтауын жеткізді. Бегімбай Ұзақбаев «Марал баба», «Сартай батыр», «Қара бура», «Сопы әзиз пір», «Байқазақ», «Жалаңтөс баһадүр» атты роман-хикаяттардың авторы. Мерейлі жасқа келген қаламгерді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы қабылдап, құрмет грамотасын тапсырды.