«ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛОРДА» Астана қаласының 20-жылдығына арналған Республикалық мүшәйра
30.03.2018
2219
0

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы осымен сегізінші рет өт­кіз­гелі отырған дәс­түрлі мүшәйраға еліміздің барлық ақындарын тағы да ала­ман жыр бәйгесіне қаты­сып, өз бақтарын сынауға шақырады. Бұл жолғы мүшәйраның жыр арқауы – «ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛОРДА».
Арайлы Азаттық аясында еркін тыныстап, өз алдымызға шаңырақ көтеріп, Ту тігіп, елдігімізді әлемге әйгілеп отыр­ғанымызға ширек ғасырдан асты. Осы қысқа ғана уақыттың ішінде қаншама жетістіктерге қол жеткіздік. Ел ордасы салынып, ел іргесі бекіді. Елбасының батыл бастамасымен Сарыарқа төсінде бой көтеріп, айдай әлемге танылған Астана биыл жиырма жасқа толды.
Астана тойына арналған биылғы мүшәйраның да көз­дегені – Елорданың айшықты келбетін, азаттық жолында арпалысып өткен бабалар күресін, еліміздің бүгінгі жар­қын өмірін, ертеңгі ұрпақ мұратын жырлау. Қазақ жы­ры­ның қоржынына олжа салу.
Тақырып аясының көкжиегі өте кең. Сүйіне жырлап, сүбелі шығарма тудыру әр ақынның өз шабытына байланысты. Ендеше, жүйріктерді жыр мәресінде күтеміз!
Мүшәйра жүлделерінің қаржылай көлемі өте қомақты:
Бас жүлде – біреу;
Бірінші орын – біреу;
Екінші орын – екеу;
Үшінші орын – үшеу.
Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер 2018 жылдың маусым айының 1-не дейін қабылданады.
Мүшәйра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді.
Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекен-жайға жіберу керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштаға жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек.

Индекс: 010000, Астана қаласы,
М.Әуезов көшесі 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин мұражайы.
Тел. 8 (7172)32-84-67, 53-34-03.
Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кетудегі барлық шығынын
ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір