Молдахмет Кенбаевтің көрмесі
21.08.2015
6071
0

Кенбаев. Горы близ АлматыӘ.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақ КСР Халық суретшісі Молдахмет Кенбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған жеке мерейтой көрмесі ашылды. Көрме жетекшілері: «Қазақстан бейнелеу өнері» орталығы кескіндеме секторының меңгерушісі Г.Ә.Ақышева және «Қазақстан бейнелеу өнері» орталығы графика секторының меңгерушісі С.М.Мамытова.

Молдахмет Кенбаев – Мәскеу мен Ле­нинг­­радтың үздік көркемдік оқу орындарын­да білім алып, 1950 жылдары Қазақстан бей­нелеу өнеріне келген суретшілер буыны­на жатады. Өмірді эмоционалды-бейнелі етіп көрсетуде және ұлттық ерекшелікті із­­дестіру жолында маңызды шығармалар ту­дырып, Қазақстан бейнелеу өнеріне жа­салған зор сапалық секіріс осы буын өкіл­деріне тиесілі. Қазақстанның сол кездегі өз­ге де суретшілерімен қатар Молдахмет Кен­баев – әлемдік өнер кеңістігінде дала кө­шінің мәдениетін лайықты көрсете білген суреткер.

1957 жылы суретші «Сұхбат» және «Асау­ға құрық салу» деп аталатын екі кескін­де­месін жазды. Әбден үйреншікті болған кө­рі­ніс – алаңсыз ат үстінде кетіп бара жат­қан екі шопанның асықпай құрған сұх­баты арқылы адам мен табиғаттың бірлігін шеберлікпен аша білген «Сұхбат» лирикалық картинасы жан жылуына толы. Ал, «Асауға құрық салу», керісінше, бар екпінімен арындай шапқан ақ боз ат пен қолдарына құрық пен арқан ұстап, соған қарай ұмтылған қару­лы екі салт атты бейнеленген, ал батып ба­ра жатқан күн сәулесімен ойнаған сайын да­ла жігер мен динамикаға толы. Қарама-қарсы ашық түстер мен екпінді бағыттағы тұр­мыстық көріністің сұлулығы ұлттық бол­мыстың бітімін алған.

Салыстырмалы түрдегі шағын көлемдегі «Киіз басу» полотносы (1958) жалпы дәл та­былған өлшемнің нәтижесінде көлемді туынды сияқты болып көрінеді. Кешке қа­рай күңгірт тартқан көк шөп, әлі де көгілдір аспан, ақ шаңқан көйлектер мен халық ше­берлерінің түрлі түсті желеткелері – бәрі-бәрі қосылып мерекелі шығармашылық ортаны құрайды. Колориті мен сюжеті терең ұлттық картинада түтін арасынан салт аттының сұлбасы әрең көрінетін алысқа қа­рап отырған жас қыздың образына айналып кеткен лирикалық желі аса бір нәзік­тік­пен өтуде.

М. Кенбаев Ловля лошадиКескіндеме болсын, мозаикалық панно­ның эскизі болсын, суретшінің туындылары өз ерекшелігіне сай терең ұлттық мазмұнға бай әрі заманына лайық. Олардың көңіл-күй­лері жарқын да қуанышты, түсі қанық әрі қоңыраудай сыңғыр қағады, әрдайым өр­шіл де өміршең, жеңіл де еркін тыныстайтын туған өлкенің өмірін, бетегелі даланың кең жазирасын және оның адамдары – өз жерлестері мен замандастарын олардың жан дүниесімен сырласқандай суреттейді.

Молдахмет Кенбаев ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен айналысты. Ол 1978 жылы Қазақ политехникалық институтының құрылыс факультеті сәулет бөлімінің сурет және кескіндеме кафедрасында профессор атағын алған бірінші ұлты қазақ суретші. Осы бөлім негізінде 1979 жылы Алматы сәулет-құрылыс институты құрылды.

Суретшінің жұмыстары көптеген көр­кем­сурет мұражайларында, республика­мыз­дағы, алыс және жақын шет елдердегі же­ке коллекцияларда сақтаулы. «Асауға құ­рық салуды» – Мемлекеттік Третьяков га­лереясы, ал «Шопан әнін» Мемлекеттік Шы­ғыс халықтары өнері мұражайы сатып ал­ған.
Көрме 2015 ж. 31 тамызға дейін өтеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір