Рухани жаңғырудың кепілі
Бүгінгі таңда ұлтжанды әрі иманды ұрпақ қалыптастыру, рухани тірегі мықты, намыс-жігері мол жастарды тәрбиелеу өзекті мәселе. Себебі, жас ұрпақтың ұстанған бағытынан, оның келбеті мен дүниетанымынан, саналы ғұмыр кешуге деген ынтасынан қоғам мен мемлекеттің тұтас дамуы анықталады.
Жаңа жағдайға серпіліс, жаңғыруға ұмтылыс – олар үшін басты міндет болу керек. Жастарымыз бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы тиіс.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым.
Жастардың білімділігі, ана тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі бірінші кезекте тұрады. Сондықтан да, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастардың санасына сіңіру, рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, білімгерлердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті құқық және экономика факультеті тарапынан да көптеген шаралар жүргізіліп жатыр.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екені сөзсіз.
Назгүл Қорабаева,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті құқық және экономика факультеті, экономика және сервис кафедрасының аға оқытушысы.