«Рух» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
15.12.2017
801
0

Таяуда «РУХ» Халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсім Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті.

Қазылар алқасының төрағасы Тө­лен Әбдік: «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен байқау, Қазақстан­ның мәдени өмірінде маңызды оқиға ретінде назар аудартқаны анық. Шы­ғар­машылық аламан қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде танытуға және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгілен­ген міндеттерді ілгерілетуге ықпал етеді деген сенімдеміз. Әдеби бәсекеде жасы мен кәсібіне қарамастан, әдебиет майталмандарымен бірге, жас ақын-жазушылардың да дамып келе жатқа­нын көрсетті», – деп ризашылығын білдірді.
Проза: роман, повесть аталымы: Гран-при – Тынымбай Нұрмағамбетов, 1-орын – Ырысбек Дәбейұлы, Проза: әңгіме, эссе аталымы: Гран-при – Несіпбек Дәутайұлы, 1-орын – Ұлар­бек Нұрғалым. Поэзия: поэма ата­лымы: Гран-при – Бақыт Беделхан, 1-орын – Несіпбек Айтұлы. Поэзия: өлеңдер жинағы аталымы: Гран-при – Ықылас Ожай­ұлы, 1-орын – Рауза Хузахметова. Үздік драматургия аталымы: Гран-при – Серік Асылбек­ұлы, 1-орын – Ардақ Нұрғазы. Әдеби сын аталымы: Гран-при – Амангелді Кеңшілікұлы, 1-орын – Бекзат Сма­дияр. Балаларға арналған поэзия аталымы: Гран-при – Серікбол Хасан, 1-орын – Құл-Керім Елемес. Балалар прозасы аталымы: Гран-При – Айсұлу Әлмаш, 1-орын – Лиля Калаус.
Әр аталымның 1-орын иегері дип­ломмен марапатталады және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық ие­ленді. Әр аталымның Гран-при иегері дипломмен марапатталды және 2 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Байқауға бар­лығы 899 шығарма түскен. Оның ішінде қазақ тілінде 403, орыс тілінде 493 және ағылшын тілінде 3 туынды сарапталды. Жанрлар бойынша, «Рух» Халықаралық әдеби байқауының қоржынына қазақ тілінде 11 роман, 17 повесть, 86 әңгіме, 26 эссе, 28 поэма, 108 өлеңдер топтамасы, 27 драма, 35 әдеби сын, балаларға ар­налған 38 прозалық және 27 поэзиялық шығарма түсті. Ал орыс тілінде 27 роман, 26 повесть, 128 әңгіме, 31 эссе, 18 поэма, 128 өлеңдер топ­тамасы, 29 драма, 7 әдеби сын, 64 бала­лар прозасы және 35 балалар поэзиясы еңбектері бәйгеге қосылды. Ағылшын тілінде 2 әң­гіме және 1 әдеби сын жолданған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір