Елбасы ауылындағы «Атамекен» музейі
08.12.2017
2008
0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының туған ауылы Шамалғанда Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Орталыққа Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен байланысты құнды құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар, жеке заттары қойылған.

Оларды бір орталыққа жинауға Қа­зақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасының қоры мен кітапханасы, Тұңғыш Прези-дент­тің музейі, Президент Іс бас­қар­масы, Ұлттық кітапхана, Шамалған ауы­лының мектеп-музейі, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Елбасының әулеті мұрындық болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Алматы облысының әкімдігінің қол­­дауымен ашылған тарихи-мә­де­ни кешен – Елбасының жүріп өт­кен шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттай отырып, жас­тар­дың патриоттық сезімін нығай­ту­ды мақсат еткен. Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы мағлұмат беретін экспонаттар Қазақстан
Рес­публикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналас­ты­рылған. Бірінші зал – Мемлекет бас­шы­­сының балалық және жасөспі­рім ша­ғы мен еңбек жолының баста­луы­­нан хабар беретін экспонатқа толы. Екінші зал – Н.Әбішұлының Кеңес ода­ғы тұсындағы республика бас­шы­сы қызметін атқарған және тәуел­сіз Қазақстанның Тұңғыш Пре­­зиденті болып сайланған ке­зең­дерге арналған. Үшінші зал – Тәуел­сіздіктің ширек ғасырында Ел­ба­сының басшылығымен жүзеге асқан ауқымды шараларды қамтыған. Төртінші залда Елбасының сыртқы саясатта атқарған қызметі – сам­миттер, ірі халықаралық шаралар, шет­ел мемлекет және үкімет бас­шыларының ресми сапарлары ту­ралы материалдар топтастырыл­ған.
Музейдің ашылу салтанатында Қа­зақстан Республикасы Президенті Кең­сесінің бастығы Махмұт Қасым­бе­ков: «Бұл музей ширек ғасыр ішін­де тәуелсіз Қазақстанның әлеумет­тік-экономикалық және саяси тұр­ғыдан дамуына жетекшілік еткен Ел­басымыздың өмір жолы мен қыз­метіне арналған. Бұл тек музей емес, бұл кешен – Қазақстан Тәуелсіз­ді­гі­нің шежіресі іспетті. Елімізде ат­қа­рылған әр істен осы музейдің экс­понаттары толымды хабар беріп тұрғандай. Орталық жастарды ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәр­биелейтін жақсы бір мәдени орын болады деп есептеймін, –десе, жазу­шы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеев «Тұңғыш Президентіміздің ауылында ашылған мәдени орталық ел үшін, мемлекет үшін қызмет етудің үлгі ететін орта­лық болатынын» айт­ты. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин: «Біз – ХХ ғасырдың соңын ала ХХІ ға­сырдың алғашқы кезеңінде үлкен құбылыстың куәсі болған ұрпақпыз. Біз – Қазақ елінің ең әуелі ел болған­дығына шүкіршілік еткен ұрпақпыз. Соны көкірегімізге тұмар қылып түйіп, тәуелсіздіктің қадірін білетін ұрпақ­пыз. Ал сол тұтас бір дәуірдің кө­шін бастаған, бір дәуірде Қазақ елі­нің абыройын әлем алдында ас­қақтатқан ұлы азамат – осы то­пы­рақта туып-өсті. Шамалған – ба­қыт­ты ауыл! Шамалған – қасиетті ауыл! Шамалған мен Үшқоңырдың атын Аллаға шүкіршілік, қазақты қойып, Алашты қойып, бүкіл әлемде біл­мей­тін адам аз деп ойлаймын. Яғни бұл топырақта Нұрсұлтан Назарбаев деген ұлы қазақ, қазақта мың жылда бір туатын тегі, қасиеті қос иығына қонған тұлға дүниеге келген. Сон­дық­тан бүгінгі жасалып отырған ша­раға – жалғыз бір ауыл, бір аймақ емес, бүкіл қазақ елі, бүкіл қазақтың тілеуін тілейтін жұртшылық назарын салып отыр. Өйткені, бұл топырақтың тумасы қазақтың ең қиын кезінде көшін алып шығып, мәртебесін биік­тетті. Ендеше мұражайдың ашылуы­на куә болған біз де ба­қыт­тымыз. Осы мұражай арқылы да қа­зақтың елі, қазақтың іргесі аман болса – Назарбаевтың дәуірі дейтін алтын дәуір – халқымыздың, ұлты­мыздың ең бақытты кезеңі өткенін біледі. Өйткені бұл – ұрпақты тәр­биелеудің, ұрпақтың бойына ұлттық рухты ендірудің, күрескерліктің көрінісі. Қазақ деген халықтың жо­лында жанын пида етіп келе жатқан, Алаштың ата жұрты – қазақтың маң­дайына біткен ұлы перзентіне – Нұрсұлтан Әбішұлына Алла ұзақ өмір берсін», – деді.
«Атамекен» ор­та­лығына тапсы­рылған ең құнды жә­дігер Президент­тің ең алғашқы жұ­мыс үстелі мен 2001 жылы пай­даланған қызметтік автокөлігі бол­ды. Автокөліктің кілтін Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы қо­рының ат­қару­шы директоры Қанат Жұмабаев табыстады. Му­зей­дің ашы­луында сөз алған Алматы облы­сының әкімі Амандық Баталов: «Елбасының дана басшылығы­ның арқасында Қа­зақ­станның ширек ғасырда бірлігі мен берекесі жарасқан, экономикасы қуат­ты мемлекетке айналғанын, «Ту­ған жер» бағдарлама­сының ая­сында Тұңғыш Президенті­міздің ту­­ған жерінде ашылған тари­хи-мә­дени орталықтың келешекте ауыл тұрғындары демалатын орын бола­ды», – дей келе, «Атамекен» кеше­нінің бой көтеруіне үлес қосқан Шамал­ған­нан шыққан кәсіпкер­лерді, му­зей қорын толықтыруға көмектескен азамат­тарды облыс әкімінің Алғыс ха­тымен мара­пат­тады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір