«Қазақтың жезқанатты жезкиігі»
24.11.2017
1482
0

21 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 85 жыл толу мерейтойына орай оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың жезқанатты жезкиігі – Вселенная судьбы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағының қол­дауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­хана­сы, Құрманғазы атын­дағы Ұлттық консерватория мен
К­.­Салықов атындағы «Жезкиік» қоры ұйымдас­тыр­ды.
Дөңгелек үстелді ҚР Ұлт­тық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов ашты. Кәкімбек Са­лықовтың қызы – Майра Салықова арнайы сөз алып, дөңгелек үстелге қатысу­шы­ларға алғысын білдіріп, әке жайлы естеліктерін мен сағынышын сыр ғып шертті. Дөң­гелек үстелге ақын Ұлық­бек Есдәулет, академик Аманжол Қошанов, «Жез­киік» ән-өлеңін орындаушы Ғалым Мұ­хамедин, ақын Марфұға Айтхожина, ақын Бахытжан Қанапиянов, жазушы Софы Сматаев, әнші-домбырашы Шәміл Әбілтай және т.б. қатысып, «Кәкім­бек Салықовтың тағдыр әлемі», «Кәкімбек Салықовтың өлеңдер қазы­насы», «Кәкімбек Салықов және рухани жаңғыру идея­сы­ның құндылықтары», тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында Кәкім­бек Салықовтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдас­ты­рылып, қатысушыларға архивтік сюжет – Кәкімбек Салықовтың сұхбаты көрсетілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір