Барлаушы қаламгер
17.11.2017
1209
0

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАМЕД,
ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері


Роман жанры – бұл көркем әдебиеттің ең күрделі жанры. Әнес Сарайдың еліміздің елең-алаң шағында шығып, қалың оқырман қауымның біріне жетсе, біріне жетпей қалған, әлі күнге дейін әдеби ортадан өзінің бағасын алып үл­гер­меген «Еділ-Жайық» романы – сөз жоқ қазақ әдебиетіндегі құбылыс дең­гейіндегі шығарма болды. Себебі, Хамза Есенжановтан кейін сол заманда Қазақстанның Батыс өңірінің тарихын тарқатып жазу, әсі­ресе цензураның кезінде айтылуға тиісті дүниелерді айта алмай кет­кен ағаларымыздың ақиқатын айта білген шығарма болды.

Оның үстіне Алашорда тарихы – өте күрделі тарих. Өкінішке қарай, біз де оны осы күнге дейін жеріне жет­­­кізіп зерттей алмай жүрміз. Со­ның ішінде Батыс Алашорданың та­­рихы «Ойыл уәлаяты» деп аталатын. Осы Батыс Алашорданың атақ­ты қайраткерлерінің тұтастай бір об­­раздар галереясын жасаған, ХХ ға­­­сырдың ақиқат-шындығын Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарында-ақ айта білген бұл үлкен жілікті шығарма қазақ әдебиетіне Әнекең салған үл­кен олжа деп білемін. Әнекеңнің өзге шы­ғармаларын құрметтей отырып, ол кісінің кейбір ғылыми ізденістеріне тоқталғым келеді. Жалпы, Кеңес Ода­ғы кезінде ғылым былай дамыды, әсі­ресе тарих ғылымы: белгілі бір та­қырып таңдалып алынады, сол та­қырыптың белгілі бір кезеңі бір адам­ның маңдайына бұйырады. Бір емес, бірнеше ғалымның. Сол ке­зең­нен белгілі бір кезеңді зерттейтін ға­лымдардың мектебі қалыптасады. Ке­зең ішінен өзара бөлініске кетеді. М­ә­селен, кезінде «Қазақ ауылын со­вет­тендіру, жұмыс штабының 30-жыл­дардағы қалыптасуы» деген сияқ­ты тақырыптарға бізде ондаған дис­сертациялар қорғалған. Сөйтіп, ғы­лым ғылыми панорама жасаудың ор­нына, ғылымның белгілі бір ғана те­сіктен көрінетін шындығы ғана ай­тылып, қалғаны цензураның кө­ме­гімен берілетін. Ал Әнекең осы та­қырыпты дендеп, тереңге барды. Мә­селен, тереңнен тамыр алған Көк­тү­рік­тер тақырыбы. Бүгінгі тілмен айт­­сақ, «Көктүріктер тақырыбын зерт­теу үшін алдымен неге ол Орхон-Ени­сейдің даласына бармады, неге ол жазуды оқымады, неге ол көктүрік тіл­дерінің ескі түрік тілдерінде сөй­ле­меді?» деген сияқты неше түрлі кі­нәраттар қоюға болады. Бірақ Әне­кеңнің мықтылығы сонда, Әнекең бар­лаушы ретінде ғалымдар бара ал­маған тақырыптарға еркін барды. Көк­түріктер арқылы бұл кісі одан да әрі қарай кетіп, ескі Сақ Массагет дәуі­ріне түсті. Оның өзінде Арал мен Сыр­дың бойын, Арал мен Каспийдің бойын мекендеген көне тайпалардың, Тиг­рахауд сақтарының, Аралдың Сол­түстік үстіндегі Есседондардың, Кас­пийдің бойындағы Дайлардың та­рихын зерттеді. Сол арқылы бір­тіндеп Шумер тарихына келіп түсті. Осы тарихтардың барлығына барып жүргендігі оның бір керемет асып-та­сып жатқан білімдарлықтан емес, бұл тақырыптардың қазақ тарихында зерттелмегендігінен. Осы тақырыпқа бар­лаушы ретінде тыңға түрен салған әде­биет қайраткері деп есептеймін. Өйт­кені кез-келген тарих белгілі бір сәт­те аспаннан түсе қалмайды, ол ұзақ даму жолынан өтеді. Сол сияқты Көк­түріктердің ар жағында да ұлы да­лада ел болған, халық болған, одан әрі де халық болған. Мәселен, Шумер та­ри­хының өзін жас ғалымдар жаңа­ша зерт­тейтін болса одан біздің Ор­та­­лық Азия­ны мекендеген баба­ла­ры­мыз­дың салтын, дәстүрін, кос­­­могониялық бір көріністерін көреміз. Мысалы, бізде «тәңір» десек, оларда «диңгер» дей­ді, ең алғашқы астанасының аты Ұр, Ұра, Ұрық деп аталады. Тіпті осы сөздердің тарихын зерттеу арқылы да біз сыналап отырып, ата тарихымызға келе аламыз. Сондықтан мен осындай ғылыми ізде­ністерге батыл барған Әне­кеңді қазақ әдебиетінің ірі барлаушы жазушысы деп айтамын. Және ол жазба­лардың барлығының бүгінгі ұрпақ үшін та­нымдық-тағылымдық мағынасы өте зор деп есептеймін. Ол кісінің екінші бір еңбегі – Ноғайлы дәуірі. Баяғыда біз Батырлар жырын оқыған ноғайлы дейтін тіркесті жиі оқитынбыз.
Мәселен «солардың ноғайлысы қай­сы, ноғай деп бізде татар мен баш­құрт­ты айтатын еді, бұл қай ноғайлы?» – дегендей таңданыстар болған. Өйт­кені орыс әдебиетінің өзінде де ноғай та­рихы терең зерттелмеген. Трепавлов де­ген орыс оқымыстысы «Ноғай ор­да­сының тарихы» деп кереқарыс кітап жаз­ды. Одан басқа бұл тақырыпқа дендеп барған адам сирек. Мінеки, сон­дықтан ноғай тарихынан татар-баш­құрттың сілемдерін емес, қа­зақ­тың сілемдерін іздеген батыр жазушымыз – тағы осы Әнес Сараев деп бі­лемін. Осы ізденістердің барлығы бо­лашақта жас ғалымдар үшін әр­қай­сысының өзі бір-бір докторлық, кан­ди­даттық диссертация болатын үлкен ба­ғыт-бағдарлар деп есептеймін. Оның үстіне Әнекең отаншыл азамат! Ту­ған жерге келген кезден бастап, Қа­зақстанның рухани кеңістігінің да­муына өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Елі­міз тәуелсіздік алған алғашқы күн­нен бастап, Елбасының жанында бо­лып, ел өміріндегі үлкенді-кішілі сая­си оқиғалардың барлығында үлесі бар.


Орайлы сөз

Зейнолла Серікқалиев,
ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

– Әнес Сараевтың «Домбыра» дей­тін әңгімесінде азаматтық сырға ай­на­лып кетеді. Күй сазын, күйші өне­рі­нің біразын бояуын мөлдіретіп жет­кізген бұл шығарма қазақ про­за­сы­ның кейінгі кезде әңгіме жанры ар­­қылы танылған мол мүмкіндігінің бір айғағы тәрізді. Жас жазушының әде­биетімізге жақсы дайындықпен кел­г­ендігі даусыз.
Жүрісінен жаңылып, айдау жо­лынан адасып қалған сәби жүректің, нә­зік балаң саусақтың жүйе-тамырын би­леген үрей мен ой азабы, сергек, ел­гезек сезім мен жабырқау, жасаң, ба­лаң көңіл шығармада мейлінше та­биғи. «Мұнаралар шақырады» дейтін әң­гімесіндегі біздің бүгінгі заман­да­сы­мыз Қарлығаш пен Қожамұрат қа­­тынасынан аңғарылатын елге, жер­ге деген жылы мейірім, туған дала, ту­ған то­пырақпен тамырлас ашылатын жазу­­шылық тол­ғам, міне, мұның бәрі автор талғамы мен талабынан өрнек тарт­қан көр­кемдік нақты өмір көрініс­тері.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір