Асқақ арманды ақын
Елімізде биыл оныншы жыл өткізіліп келе жатқан Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы мен Алматы технология және флористика колледжі бірлесіп Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жалындап өткен қазақтың біртуар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам!» атты әдеби кеш өткізді. Кешке жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш қатысып, ақынның бізге белгісіздеу шығармашылық қырларына шолу жасады. Аталмыш колледж студенттері ақынның өлеңдерінен, поэмаларынан, романдарынан алынған үзінділер бойынша дайындалған концерттік бағдарлама қонақтар назарына ұсынылды.
Шарайна Құмарова,
кітапханашы.