Алаш құрметіне арналды…
Биыл Алаш Ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Алаш арыстарын еске алып, шығармаларын насихаттау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру» Қоғамдық қоры және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен оқырмандар арасында «Бес арыс» тақырыбында онлайн-конкурс өтті.
Ел тарихында Алаш партиясының құрылуына, жанқиярлықпен қызмет еткен тұлғалар болды. Тарихты тану, түгендеу, жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған онлайн-конкурсқа жиырмаға жуық оқырман қатысып, конкурс ережесіне сай Алаш арыстарының шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқыды. Байқау ВКонтакте, Facebok, Instagram әлеуметтік желілері арқылы өтті. Ашық дауыс беру арқылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің бірінші 1 курс студенті Көшекбаева Жәмила жеңімпаз атанып, «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру» қоғамдық қоры дайындаған жүлдені ұтып алды.
Ғазиза Құдайберген,
кітапханашы.