Сара Мыңжасароваға арналды
06.12.2024
131
1

2024 жылдың 4 желтоқсанында «Тұран» университеті Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебі мен Қазақ­стан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жазушы, публицист Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына орай, «Білім мен ғылым және қазіргі массмедианың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті. «Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығында ұйымдастырылған шараға, Қазақстанның Ақтөбе, Қостанай өңірлері мен Астана, Алматы қалаларынан ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады.

Жиынды «Тұран» университетінің Стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, экономика ғылымының кандидаты, PhD докторы Дина Ибрагимқызы ашып, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, филология ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып Сара Мыңжасарованың жазушылық-публицистикалық еңбектері туралы маңызды сөз сөйледі. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бөлім басшысы, филология ғылымының докторы, профессор Гүлжахан Орда жазушы романдарының көркем қырларына тоқталды. Белгілі ақын Сейфолла Оспанов, Сара апамен қызметтес болған Жұмагүл Сариева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-публицист Мағира Қожахметова , А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, т.ғ.д., профессор Қадыр Ахметов, т.ғ.к., жазушы-публицист Бейбіт Қойшыбай, «Тұран» университетінің профессор-зерттеушісі, филология ғылымының докторы Менликул Шиндалиева т.б. Сара Мыңжасарованың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты, мазмұнды талдау жасады.
«Сара Мыңжасарова» атты«Тұран» университеті журналистика мамандығының 2-курс студенттерінің түсірген деректі фильмінің көрсетілімі болды.
Дөңгелек үстелдің соңында Сара Мыңжасарованың қызы Қарлығаш ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор алғысын білдірді.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 06.12.2024 | 16:55

Жазушының «Төзім шеңбері» романында басты кейіпкер Күнсұлу аудан орталығында ашылған агрономдық курсқа оқуға жіберіледі. Сонда оқып жүргенде, курстың оқытушысы Андрей Күнсұлуды ұнатып, көңіл білдіреді.Күнсұлу да кетәрі емес. «Күнсұлу екі ұдай сезімде жігітке қарап
біраз тұрды. Қараған сайын жүрегі шымырлайды, құшақтай алып, құшырлана сүйгісі, тіпті осы жігіттің махаббатына тұншыққысы келеді» деген жолдардан Күнсұлудың Андрейге деген сезімі, тірліктің мәнінің қазығы өз бақытын табуда деген нақты қорытынды шығып тұр. Қазақ әйелінің күйеуі орыс болуы ерсі көрінбейтіндей сипатталып тұр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір