Қызылжарлық ақын Алатауда
Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен «Атырау Алтай арасы» әдеби жобасының аясында ақын, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, Петропавл қаласындағы «Қызылжар нұры» газетінің бас редакторы Нұргүл Оқашеваның «Күз бен қыз» атты жыр кітабының тұсаукесері және Алатаулық оқырмандармен кездесу кеші өтті. Кешке жазушы Аян Нысаналин, ақын Қасымхан Бегіманов, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан, ақын Қалмағамбет Мұхаметқали, жас қаламгерлер Бейбіт Сарыбай, Мақпал Мыса, Дүйсенәлі Әлімақын, Алтыншапақ Хаутай, Әсел Оспан, Айнұр Төлеу, Бауыржан Әлқожа, Жақсылық Қасымұратұлы қатысты.
ҚЖО басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан Қазақстан Жазушылар одағының атынан Қызылжарлық жас ақын Нұргүл Оқашеваны кітабының тұсаукесерімен құттықтап, арнайы сыйлық табыс етті.
ҚР Жастар саясатын дамыту мақсатында жүзеге асырылып отырған кешке алматылық өлеңсүйер оқырман жастар қатысты.