Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты төмендегі лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды
20.10.2017
1167
0

1) Физика-математика факультетінің деканы;
2) Жаратылыстану факультетінің деканы;
3) Филология факультетінің деканы;
4) Педагогика-гуманитарлық факультетінің де­каны;
5) Кәсіптік-шығармашылық факультетінің деканы;
6) Кешкі оқыту және дайындық факультетінің дека­ны;
7) “Информатика” кафедрасының меңгерушісі;
8) “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының мең­геру­шісі;
9) “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасының мең­геру­­шісі;
10) “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының мең­­­герушісі.
Факультет декандарының біліктілігіне қойылатын та­лаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйым­дарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сер­тификатының (куәлігінің) болуы тиіс.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Кон­сти­туциясын, Қазақстан Республикасының “Білім тура­лы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” , “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әс­­кери қызмет туралы” заңдарын, жоғары білім беру жүйе­сін дамыту және іс-әрекет сұрақтарын реттеу басқа да нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүр­гізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәр­бие­леу­дің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика не­гіз­дерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіп­сіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нор­ма­ларын.
Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер (ер­кін нысанда) хабарландыру жарияланған күнінен бас­тап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жо­ғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерік­ті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды та­п­сырады:
1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
2) өмірбаян;
3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дә­ре­жесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құ­жаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түп­нұсқалары;
4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сер­тификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және са­­лыстыру үшін түпнұсқалары;
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бол­ған жағдайда);
6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Ден­саулық сақтау министрінің міндетін атқару­шы­ның бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық ак­тінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тір­кел­ген);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу жө­нін­дегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қыл­мыс­тық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) профессор-оқытушы құрамының бос лауа­зым­дарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойын­ша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауа­зымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойын­ша жобаның презентациясы (электрондық түрде, кө­л­емі 10 слайдтан артық емес);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мем­лекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) (бұ­дан әрі – №272 бұйрық) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұр­май­тыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
10) №272 бұйрықпен бекітілген “Психоневро­ло­гия­­лық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көр­се­ті­ле­тін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ны­­сан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұр­майтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анық­тамасы.
Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топ­тамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті ны­санда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсы­нымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және білік­тілігін растайтын құжаттар бере алады.

Мекен-жайымыз: Шымкент қ.,
Байтұрсынов көш.13, 120 кабинет.
Телефон: 30-14-59 (кадр бөлімі).

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір