Абай университеті Қазақстан мен Орталық Азиядағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы
Абай университеті QS World University Rankings: Asia-2024 халықаралық рейтингінде 146-орынға ие болып, Азияның ТОП-150 үздік университеттерінің қатарына енді. Қазақстан мен Орталық Азияның педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды иеленді. Еліміздің үздік университеттерінің бестігіне кіреді.
Бұл рейтингте орын алу университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік салалардағы жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуының дәлелі болып табылады.
Университет Қазақстан мен Орталық Азиядағы педагогикалық мамандықтар бойынша академиялық шеберлік орталығы ретінде көшбасшылықты сақтайды, халықаралық академиялық қоғамдастықта және жұмыс берушілер арасында жақсы беделге ие, жоғары жұмысқа қабілеттілік пен білім сапасы болашағын педагогикалық қызметпен байланыстыруды мақсат еткен азаматтар үшін ең жақсы таңдау.
Педагогикалық зерттеу университетіне трансформациялану барысында ғылыми-зерттеу қызметіне баса назар аударылуда, университет ғалымдары жоғары квартильді халықаралық журналдарда жариялау белсенділігін арттыруда, беделді салалық конференцияларға қатысуда, сонымен қатар ғылыми монографияларды шығаруда және ғылыми-зерттеу байланыстары мен авторлық ынтымақтастығын арттыруда, педагогикалық ұжымның дәрежелілігі де өсіп келеді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу құрамдас бөлігінің мойындалуы да септігін тигізуде.
Рейтинг аясында университеттің әлеуметтік аспектідегі көрсеткіштері де бағаланады, сәйкесінше, университетте жақсы студенттік экожүйе, жақсы жабдықталған ғимараттар мен жатақханалар, мемлекеттік масштабта дамыған спорттық және волонтерлік қозғалыс, шахмат және басқа да шығармашылық бағыттар негізінде қызығушылық клубтары белсенді жұмыс істейді.
QS рейтингі көрсеткіштерінің оң динамикасы ел деңгейінде де, азиялық білім беру иерархиясында да педагогикалық мамандандыруды ескере отырып, университеттің алдағы өсу әлеуетін көрсетеді.