Жазушыға құрмет
20.10.2017
1007
0

Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты марқұм Сайын Мұратбеков ұзақ жыл тұрған Алматы қаласы Шевченко көшесіндегі 14/77 үйге қала әкімінің шешімімен ескерткіш тақта орнатылды. Жиынға көрнекті ақын Олжас Сүлейменов, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Марфуға Айтхожина, Жазу­шылар одағы басқармасының Төрағасы Нұрлан Оразалин, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіләкім Әубә­кіров, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлы, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы қатысып, сөз сөйледі.
Жиын соңында Сайын Мұратбековтың әруағына бағышталып ас беріліп, көпшілікке «ҚазАқпарат» баспа-корпорациясынан биыл шыққан әңгімелер жинағы таратылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір