Арқадағы Ақселеу тойы
Жуырда Жаңаарқа өңірі белгілі өнертанушы, көрнекті жазушы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл толу тойын тойлады. Шараға ғалымдар мен ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен сол өңірдің айтулы азаматтары қатысты.
«Туған жер бағдарламасы» аясында Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған тағылымды басқосу аудандық Мәдениет үйінде өтті. Кеш шымылдығын Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай ашып, қаламгердің шығармашылық қуаты мен азаматтық болмысы жайлы тереңнен сыр толғады. Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова жазушы еңбектеріндегі бояуы қанық ұлттық реңк туралы баса айтты. Кеш барысында А.Сейдімбектің үзеңгілес достары мен ізбасар інілері жазушы Төлен Әбдік, жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлы, тарихшы Қаржаубай Сартқожаұлы жылы естеліктерімен жиналғандардың жанын жылытса, Серік Ақсұңқарұлы, Серік Тұрғынбеков сынды ақындар мерейтой иесіне арнаған жырларын оқыды. Шара барысында Ақселеу Сейдімбек атындағы әдеби-шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Жиын соңында қаламгердің туған-туыстары құран бағыштап, ас берді.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.