Сыр өңіріндегі кездесу
29.09.2017
1035
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазіргі кезде елімізде жан-жақты талқылануда. Осыған орай қаламгерлеріміз Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен әр аймақтағы жұртшылықпен кездесу өткізіп, рухани жаңғыру жөнінде пікір алысып, ой бөлісуді дәстүрге айналдырды.

Жазушы-драматург, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев өткен аптада осындай мақсаттағы іссапармен Сыр өңірінде болып, бірнеше кез­десу өткізді. Алғашқы кездесу Қызылорда қаласындағы Әбділда Тәжібаев атындағы кітапханада болды. Кітапхананың үлкен за­лын­да өткен кездесуді Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағының Қызылорда об­лыс­­тық филалының директоры, ақын Қаршыға Есімсейітова ашты.
Сұлтанәлі Балғабаев «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегіндегі Елбасы алға қойған ең басты міндет-мақсаттар жөнінде жан-жақты сөз қозғады. Бұл ретте қаламгер мақалада қазақ елін біртұтас ұлт ретінде дамытып, өр­кен­иетті мемлекеттердің қатарына жеткізудің барлық жолы мен мүм­кін­діктері салихалы ой, терең пайым­мен талданып, нақты, көрсетілгенін атап өтті. Болашаққа нық қадам басу үшін халқымыздың бәсекеге қабілеттілігінің нығайып, ұлттық бірегейлікті сақтауы да аса маңызды екендігіне тоқталды.
Кездесуде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі қызу әңгіме болды. Қаламгермен кездесу бұдан әрі Жаңақорған жә­не Шиелі аудандарында жалғас­ты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір