Әлемдік әдеби үдеріс
19.08.2015
2794
0

119-20 мамыр аралығында Астрахань қаласында өткен «Каспий – телегей теңіз достық» деп аталатын Каспий маңы мен аумағындағы әдебиеттер форумында «Литературная газета» басылымының редакторы Юрий Поляков ТМД аумағында болып жатқан үдерістердің мәнін дәл көрсеткендей, әлем әдебиетінің диалогы мәселелері, мәдениеттердің тұтасып бірігуі – қазіргі заманғы мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Әлемдік мәдениеттердің симфонияға кірігуі өзіндік жаһандануға қарсы үдеріс болуы мүмкін. Бұл үдерісте көркем аударманың ролі өте зор, себебі, әдебиет пен аударманың арасында «көрінбейтін тартылыс алаңы» бар. «Дружба народов» журналының бас редакторы Александр Эбаноидзе ұлттық әдебиеттердің даму жолын осылайша нақты әрі бейнелі түрде айқындап өтті. Өте сәтті аударылған әдебиеттің көмегімен ғана біз бір-бірімізді танып, біле аламыз. Жаңа дәуірдегі мәдениеттердің диалогы тек бір-бірімізді түсінуге ғана емес, өзімізді де түсінуге бағытталған. Вальтер Миньолоның «шекаралық ойлау»(пограничного мышления) теориясына сәйкес, қазіргі әдеби зерттеулердегі екпін мәдениетаралық өзара қатынас бағытына ауысуда. 

Светлана АНАНЬЕВА,
Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент

ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инс­титутының жетекші ғалымдары және Қазақстан мен ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, Германия, Болгария, Ресей, Әзірбайжан, Индия, Молдова, Словакия, Румыния, Түркия, Чехия әдебиеттану мектептерінің мамандары дайындаған «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әлем әдебиеті очерктері», «Әдеби-көркем диалог», «Ең жаңа шетел әдебиеті», «Интеграциялық үдерістер және қазақ әдебиеті» деп аталатын ұжымдық монографиялар сыни талдау дискурсына негізделген. Әлемдік әдебиеттануда автоинтерпретация мәселелері, қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерін кешенді зерттейтін мәтін құрылысындағы авторлық элементті анықтау және көркемдік жағынан жүзеге асыру тәсілдері соңғы жылдары назарға алынып келеді.
Еуропалық әдебиеттануда ұлттық әдебиеттер­ дамуы­ның қазіргі үрдістеріне – жеке тұлға мәселесін ашудың әртүрлі тәсілдері айқындалған, адамдардың өзара тү­сініс­пеушіліктері мен жатсыну атмосферасындағы кейіп­­керді суреттеудегі жалғыздық күйіне ерекше мән беру жатады. Реалистіктен, қисынды себеп-салдарлы байланыстардан Еуропаның қазіргі әдебиеттері салыстыр­малылық, сандырақтыққа бой алып, субъек­тив­тіктің объективтікпен диалогы болып табылады. Фантастика мен психоанализдің элементтерін кеңінен қолдана отырып реализм кей уақытта импрессионистік бояуға да ие болады. Қазіргі неміс әдебиетінде неореализм ба­сым­дық танытып отыр. Неміс философы Вольфганг Ве­льштің модернизация теориясы мен транс­мәдениеттілік тұжырымдамасы үлкен танымалдылыққа ие. Оның ұсынып отырған «желілер» метафорасы қазіргі әлемдегі мәдениеттер мен әртүрлі тармақтардың араласу «желі­сін» көрсетеді, шекарасы бұзылған «жаңа әркелкіліктер» қазіргі әлемдік әдеби үдерісті айқын сипаттайды.
Францияның қазіргі әдебиетінің басты анықтаушы­лары – сыни әдебиет, транзиттік әдебиет, материалдық әде­биет, диалогтық әдебиеттер деп аталады. Қазіргі оқыр­ман қан төгісі мен сұмдығы көп «қара» детективтен алыстап барады. «Романдық» романға қайта оралып, миф пен ертегілерді жандандырудың үндеуі естіледі. Бірақ «романдық» дегеніміз қазір – ол өз-өзімізге айтатын оқиға секілді. Танымал әдістердің бірі постмодернизм поэтикасының модернизмге «өз әсерін тигізу» («на­ложение») тәсілін сыншылар «черепица ұстанымы» деп те атайды.
Қазіргі ағылшын жазушылары дүниетанымының фи­лософиялық негізі экзистенциализммен ұштасып жатыр. Елдің зиялылық-рухани өмірінде әдет-ғұрыпқа, тұр­мыс пен мінез-құлыққа, адамға деген қызығушы­лық­тарға қайта оралу,«викториандық дәуірге» бет бұру байқалады. Қазіргі ағылшын прозасына тән үрдіс ретін­де дәстүрлі және экспериментальды прозаның жетіс­тіктерін игеру, «псевдореализм» мен «жаңа гуманитарлық синтез», модернизм мен постмодернизм мәселелерін туындатады. Англияның қазіргі әдебиетіне тән ерекше­ліктер қатарына – «ақиқаттан» бас тарту, ирониялық шет­тету, көп мағыналылық, оқырман мен мәтіннің диалогы жатады. Автобиографиялық, сүйіспеншілік, шытырман оқиғалы, детективтік, тарихи романдар мен саяхат-романдары кеңінен танымал.
Финляндияның қазіргі әдебиеті фин, швед, саам тілдерінде жазылып әлемдік әдеби үдерістің жетекші үрдістерін бейнелеп, оның контекстінде дамып келеді. Фин әдебиетінің көптілділігі мен мультимәдениеттілігі әдеби шапшаң құбылмалылықтың ала-құлалығы мен жанрлардың әртүрлілігі жайында айтуға мүмкіндік бе­реді. Орталық тақырып ретінде айналамызды қоршаған шындық мәселелеріне жеңіл қарайтын және оларды жағдайға байланысты шешетін туабіткен мысқыл сезімі бар қалалық-кейіпкердің жеке өмірі болып табылады.
Американдық әдебиетте «жаңа реализм» термині күн­нен күнге берік ұстанымға ие болып келеді. Амери­кан­дық Александр Мулярчик сенімді: американдық оқыр­ман постмодернге лықа тойып дәстүрлі құнды­лық­тарға қайта оралуда, себебі, АҚШ-та «реализм салтанат құрып келеді». Романтикалық, сентименталдық романдар жеңіл әрі қарапайым тілмен жазылып, жақсы құрастырылған, қызықты әрі әсерлі сюжетті, әлеуметтік тұр­ғыдағы романдар, ұшақта оқуға арналған (Дениэл Стилл және т.б.) кітаптар танымалдыққа ие болып ке­леді.
АҚШ-тың қазіргі әдеби сыны қазақ әдеби мәтіндеріне қол жеткізді. ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Колумбия университетімен бірге «Адам жә­не табиғат» деп аталатын қазақ әдебиетінің антология­сын ағылшын тілінде Нью-Йоркте шығаруға дайындады. Бұ­ған дейін жарық көрген «The Stories of the Great Steppe» антологиясы Қазақстан туралы оқулық құралы ре­­тінде американдық университтерде пайдаланылып ке­­леді.

Аударған Сыртқы әдеби байланыстар және
аналитика бөлімінің ғылыми қызметкері
Айнұр ҚАЛИАСҚАРОВА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір