Қазақ өнерінің жұлдызы жанды
22.09.2017
811
0

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімов Еуразия жүлдесінің арнайы «Әлемдік кино саласына қосқан үлесі үшін» номинациясының лауреаты атанды.
Бұл марапатты Ресей Федерациясы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Карина Сарсенова табыстады.
Сонымен қатар, режиссер Ақан Сатаев Еуразия шығармашылық одағының шешімімен «Еуразия жүлдесі-2017» марапатын иеленді. Ол «Кинорежиссура» номинациясы бойынша лауреат атанды. Режиссер Асхат Маемиров, композитор Арман Дүйсенов, ақын Олжас Сүлейменов, «АРТ и ШОК» театрының жетекшісі Галина Пьяновалар да осындай марапаттарға ие болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір