ЖӘНІБЕКТІҢ ЖҰЛДЫЗЫ
13.11.2023
142
0

Өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келген талантты жас ақын Жәнібек Әлиманның жаңа кітабы жарық көрді. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан жыр жинақ «Жұлдызымның жорығы» деп аталады.
Бұл –
«Жыр тілінде кісінеген құлын қырат,
Түлкі іңірге тұтылды күнім құлап,
Кеше жазып жұбанған жібек көңіл,
Тағы мазам болмады бүгін, бірақ…» – деп жырлаған ақынның екінші кітабы. Жас ақынның тұнық сезіммен көмкерілген өлеңдері енген «Серт» атты алғашқы кітабы оқырманға 2015 жылы жол тартқан еді.
Дәстүрлі қазақ өлеңінің үлгісін сақтай отыра жаңалыққа құлаш ұрған жас қаламгердің аталмыш жинағы өлеңсүйер қауымның сырласы, мұңдасы болады деп үміттенеміз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір