Алматыдағы кітап жәрмеңкесі
15.09.2017
1620
0

Алматыда «Кітапфест» жәрмеңкесі өтті. Кітап жәрмеңкесін өткізу мақсаты – әдеби оқылым­дардың мәртебесін көтеру, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап жәрмеңкесіне келген қонақтардың әрбірі тегін кітап ала алды. Жәрмеңке барысында 10 мыңға жуық кітап тегін таратылды. Бұл кітаптар «Кітапханаға кітап сыйлайық» жобасының аясында бір айдың көлемінде жиналған. Сондай-ақ, жәрмеңке аясында тұрғындарға Алматының кез келген кітапханасына жазылуға мүмкіндік туды.

Жәрмеңкеде Алматыдағы баспалар үйі және 5 ірі кітап сатушы компания өз өнімдерін сатылымға шығарды. Мектеп оқулықтары 15 пайыздық жеңілдікпен сатылды. Келушілерге арнап түрлі байқаулар, ойындар, концерттік бағдарламалар қойылды. Кітап жәрмеңкесін ұйымдастырушылардың бірі Бекнұр Қисықов: «Кітап желісі коммерциялық маркетинг. Мұнда кітапты сату, оқырман жинау өте маңызды. Сондықтан жазушылар жаңа оқырмандар табу үшін мұндай шараларды ұйымдастырып тұрғанымыз абзал», – деді.
Жәрмеңке барысында оқырмандар мәдениет қайраткерлерімен кездесіп, олардың жоспарлары жайында біле алды. Кітап авторлары оқырмандарына шығармашылық жұмыстары мен жоспарлары туралы айтып берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір